Белгілі қоғам қайраткері Бақыт Түменова қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі қоғам қайраткері Бақыт Түменова қайтыс болды Бақыт Түменова. Фото: facebook.com/ermurat.bapi

Белгілі саясаткер және қоғам қайраткері Бақыт Түменова дүниеден озды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи айтты, деп хабарлайды Tengri Health.


Белгілі саясаткер және қоғам қайраткері Бақыт Түменова дүниеден озды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи айтты, деп хабарлайды Tengri Health.

Ол Түменованың қазасы туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Бақыт Түменова қайтыс болды деген хабар жетті!... Жаратқан алдынан жарылқасын! Иманың саламат болсын, Алтын Адам! Жарқын бейнеңіз жүрегімізде мәңгі сақталады!", – деп жазды депутат.

Бақыт Түменованың өмірбаяны

Бақыт Түменова 1948 жылы Қызылордада дүниеге келген. 1972 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын "педиатрия" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Семейдегі балалар жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер болып жұмыс істеді, облыстық денсаулық сақтау жүйесінде басшылық қызметтер атқарды. Сондай-ақ 90 жылдардың соңы мен 2000 жылдардың басында Бақыт Түменова Семей облыстық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды, кейін Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды.

Мемлекеттік қызметтен кейін саяси және қоғамдық қызметпен айналысты. Бірқатар саяси партияның басшылық құрамына кірді.

2007 жылдан бастап өмірінің соңына дейін "Аман-саулық" қоғамдық қорының президенті болды.

Тағы оқыңыз: “Асқақ тұлға, қайсар мінез“. Алматыда қаралы жұрт Мұхтар Шахановпен қоштасуға жиналды

TengriEdu