01 мамыр 2015 | 23:11

Орал тұрғыны Қазақ хандығының мерейтойына арнап теректен мүсін жасап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Автор жұмыс үстінде. ©"Егемен Қазақстан" басылымы Автор жұмыс үстінде. ©"Егемен Қазақстан" басылымы

Орал қаласының тұрғыны Болатбек Баймағамбетов Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жерлестеріне өзінің арнайы сыйлығын дайындап жатыр. Бұл туралы "Егемен Қазақстан" басылымы хабарлады.

Сыйлық қаладағы Еуразия даңғылы аулаларының бірінде орналасқан теректен жасалып жатқаны белгілі. Нақтырақ айтсақ, кезінде жапырағы жайқалған терек, бірақ кейіннен кеуіп кетіп, пайдасыз қалған ағаш тамырынан бүгінде қылышын жерге сермеген батырдың мүсіні ойылуда.

Өлген ағашты қайтадан тірілту идеясы Болатбектің басына осыдан бір апта бұрын келген екен. Мүсін кезіндегі ел қорғаған батыр образына сәйкес келеді. Басылымның мәліметінше, бұл жұмыс толығымен шамамен 2-3 апта аралығында аяқталады. Сонымен қатар, мұндай жұмыстың бағасы күрделілігіне сай 300 мың теңгеден асады екен. Автор Болатбек Баймамғанбетов бұл туындының оралдықтарға арналған сый екенін айтты.

"Бұл біріншіден, Қазақ хандығының 550 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып отыр. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің де батыр болып саналатынына ешкім шүбә келтірмейді. Сондықтан, туған қалама сыйлық тарту етуді жөн санадым", - деді мүсінші.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың қазан айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы активімен кездесуде 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекеленетінін хабарлаған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети