22 қазан 2014 | 18:27

2015 жылы қазақ мемлекеттілігіне 550 жыл толады - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ хандығының негізін қалаушы Керей мен Жәнібек хандарға арналған ескерткіш. ©astanainfo.net Қазақ хандығының негізін қалаушы Керей мен Жәнібек хандарға арналған ескерткіш. ©astanainfo.net

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы активімен кездесуде 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекеленетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы активімен кездесуде 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекеленетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн, – деді Назарбаев.

Еске сала кетейік, "Селигер-2014" Х бүкілресейлік жастар форумында Владимир Путин "Назарбаев ешқашан мемлекет болмаған аумақта мемлекет құрды" деп мәлімдеген болатын. "Қазақтарда мемлекет болмады. Бұл жағынан ол - посткеңестік кеңістік үшін, Қазақстан үшін бірегей адам", - деді Путин.

Астана активімен кездесуде Назарбаев қаланың жаңа басшысы Әділбек Жақсыбековті таныстырды. Қазақстан Президенті елорда билігі алдында тұрған басымдығы бар міндеттерді белгілеп берді. 

"Астананы әсем, жайлы және қолайлы ете түсу үшін жұмысты жалғастыру керек. Қазіргі басты міндет – EXPO-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру, оны өткізу елорданы өзгертеді. Мүлде жаңа мәдениет және ғылым орталығы пайда болады. Халықтың демалысына, сауда-саттыққа, ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған жаңа алаңдар бой көтереді. Ауқымды құрылыс 2016 жылы аяқталуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Астанада өзге де маңызды нысандар құрылысы жүріп жатқанына, олардың қатарында "Әбу Даби Плаза" көпфункционалдық кешені, бірқатар жаңа мейманханалар, спорт кешендері, денсаулық сақтау мекемелері, ботаника бағы, жаңа теміржол вокзалы, автобус көлігінің жедел жүйесі бар екеніне назар аудартты.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Астана елдің өзге қалалары үшін үлгі болып саналатындықтан оған айрықша жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 489.49   537.05   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети