Техас штатындағы Гарленд қаласында екі ер адам Мұхаммед пайғамбарға арналған карикатуралар көрмесіне оқ жаудырды, шабуылдағанжардың көзі жойылды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Техас штатындағы Гарленд қаласында екі ер адам Мұхаммед пайғамбарға арналған карикатуралар көрмесіне оқ жаудырды, шабуылдағанжардың көзі жойылды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға 4 мамырда шамамен сағат 19.00-де, іс-шара аяқталып жатқан кезде болды. Екі күдікті орталықтың автотұрағына оқ атып, күзет қызметкерін жарақаттады. Көрме қатысушылары эвакуацияланды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына тәртіп сақшылар келіп, бұл істі тергеп жатыр.
Осыған ұқсас оқиға ақпан айының ортасында Копенгагенде болған еді. Белгісіздер Мұхаммед пайғамбарға карикатура салумен айналысатын швед суретшісі Ларс Вилкспен кездесу өтіп жатқан жерде оқ атты. Сол кезде екі полицей зардап шекті.
Ал осы оқиғадан бір апта бұрын Charlie Hebdo деп аталатын француз журналының редакциясына лаңкестер оқ жаудырып, 12 адамды өлтірген еді. Олар пайғамбардың карикатурасын салуға қарсы болған.