07 қаңтар 2015 18:31

Парижде белгісіз біреулер журнал редакциясына оқ жаудырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парижде белгісіз біреулер Charlie Hebdo сатира журналының редакциясына оқ жаудырды, соңғы мәліметтер бойынша кем дегенде 12 адам қаза тапты, тағы он шақты адам жараланған - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша бетперде киген екі адам автоматтан оқ жаудырған. Басылым редакциясының бірнеше қызметкері ғимараттың шатырына жасырынып үлгерген. Оқиға орнына келген Франция президенті Франсуа Олланд "сатира журналының редакциясына жасалған шабуылдың теракт екені сөзсіз" деп мәлімдеді. "Соңғы апталарда осындай бірнеше террорлық шабуылдың жолы кесілді", - деді Олланд ақпарат құралдарына. 

Ел үкіметі осы оқиғаға байланысты шұғыл отырыс өткізгелі жатыр. 

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, Charlie Hebdo бұған дейін - 2006-2012 жылдары Мұхаммед пайғамбарға бірнеше карикатура жасап танымал болған. Басылым беттеріндегі мұндай суреттер мұсылмандардың наразылығын туғызды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети