08 мамыр 2015 | 16:15

Атырау облысы әкімі орынбасарының қолшатыр астындағы суретіне қатысты оқиға жалғасын тапты

viewings icon 347 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Facebook © Facebook

Жаңбыр жауып тұрғанда қолшатырдың астына ҰОС-ның ардагері емес, Атырау облысы әкімі орынбасарының тығылған суретіне қатысты оқиға жалғасын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевтың ескерткіштің ашылу рәсімінде қолшатырдың астында тұрғаны, ал сол сәтте Ұлы Отан соғысының ардагері жаңбыр астында тұрғаны хабарланған болатын.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жаңбыр жауып тұрғанда қолшатырдың астына ҰОС-ның ардагері емес, Атырау облысы әкімі орынбасарының тығылған суретіне қатысты оқиға жалғасын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевтың ескерткіштің ашылу рәсімінде қолшатырдың астында тұрғаны, ал сол сәтте Ұлы Отан соғысының ардагері жаңбыр астында тұрғаны хабарланған болатын.

Әкімдіктің баспасөз хатшысы Саламат Сабыр, бұған дейін оқиғаға қатысты түсінік беріп, кейін жаңа суреттерді жіберді, ол жерде ардагер қолшатырдың астында тұр. Ол жағдайды былай түсіндірді. "Бұл шара басталған кезде Атырау облысы әкімінің орынбасары жаңбыр астында қолшатырсыз тұрған ардагерді көріп, көмекшісіне оны судан қалқалауды тапсырған. Өздеріңіз көріп тұрғандай, Атырау облысы әкімінің орынбасары жаңбырдың астында тұр, костюмі дымқыл. Ал ардагердің сұр костюмі - құрғақ. Менің ойымша, бірінші суретті түсірген журналист оның салдарын ойламаған сияқты. (...) Шараны шұғыл түрде жариялағысы келген шығар. Ешкім бұлай әдейі істемейді ғой, ардагерлерді ардақтау керек, мұны бәріміз де түсінеміз", - деді Сабыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін сурет үшін Интернетте жанжал туды. Суреттегі бас кейіпкер Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев болды, суретте оны көмекшісі қолшатырмен жауып, ал ҰОС ардагері су астында тұрды. Әлеуметтік желінің қолданушылары шенеуніктің мұндай қылығына наразы болып, суреттің астына ызалы пікірлерін қалдырды, оны екі сағаттың ішінде 5 мыңнан аса адам көріп үлгерген. Ал әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер бұл оқиғаны жаңсақтық деп атады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.07  course up  543.61  course up  5.22  course up

 

Ауа райы

-1°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю