Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовті үй қамауына алу мерзімі 2015 жылдың 18 маусымына дейін ұзартылды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазыбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошева хабарлады.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовті үй қамауына алу мерзімі 2015 жылдың 18 маусымына дейін ұзартылды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазыбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошева хабарлады.
"Бүгін қаралды, судья Еркеш Мәукен Серік Ахметовті үй қамауына алу мерзімін 2015 жылдың 18 маусымына дейін ұзарту туралы қаулы шығарды", - деді ол.
Еске сала кетейік, Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар - Автор.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар.
Сонымен қатар, іс материалдары бойынша, 2012 жылы "Металлургия-Металл өңдеу" индустриялық паркі аумағында инфрақұрылымның, атап айтқанда, кәріз жүйелерінің құрылысы жүрген. Тергеудің мәліметінше, Қарағанды облысы әкімдігінің басшысы мен облыстың бұрынғы әкімі Серік Ахметов алдын ала сөз байласып, қосалқы мердігер - "Центрстрой-комплект НС" ЖШС чех жабдығын арзан жабдықпен ауыстырған. Жабдықтың екі түрінің арасындағы 1 миллиард 200 миллион теңге көлеміндегі айырманы күдіктілер өзара иемденген. Тергеу мәліметтері бойынша, қылмысты жасыру үшін делдал фирмалар желісін ашып, олардың шотына ақшаны аудару арқылы бюджет қаражатын жылыстатудың схемасын жасаған.
Серік Ахметов 2014 жылы қарашада қамауға алынды. Осыдан кейін қамау мерзімі ұзартылды.