15 мамыр 2015 | 14:08

Қазақстанда 3D-жабдықтар әскери салада қолданыла бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ҚМ баспасөз қызметі © ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Қазақстанда 3D-жабдықтар әскери салада қолданыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда 3D-жабдықтар әскери салада қолданыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық әскери қызметшілер 3D-жабдығында әскери техниканың толық және жеке үлгілерін құрастыруды меңгеріп жатыр. Бұл ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында құрылған инженерлік-техникалық нұсқадағы жаңа жоғарғы технологиялық зертхананың арқасында мүмкін болып отыр.

"Аталған 3D-жабдығы кез келген нысанды оның 3D-редакторының көмегімен манипулация мүмкіндігі арқылы көшіріп алып, жаңартып жасай алады. Мұнда күрделі үлгілерді құрастырып шығару және жетілдіру кезінде барынша жоғары деңгейде шолу жасауға мүмкіндік жасалған. Бұл жерде қажетті нұсқалар және қызметтік үлгідегі прототиптерді құрастырып, олардың зерделеуге, сондай-ақ толық іс жүзінде пайдалануға болады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Аталған зертхана - қорғанысты-өндірістік кешендегі жаңартылған өнімдерді пысықтау және әскери техника үлгісіндегі қару-жарақты жаңартуға арналып жабдықталған база. Сонымен қатар, зертхана тез арада өндірістік нұсқадағы және тікелей үлгілерді қолдану аясында білікті мамандарды даярлау мақсатында қызмет етеді.

Айта кетейік, қазіргі кезде аталған 3D-нұсқаларын жасау дамыған мемлекеттерде қарқынды түрде қолданысқа еніп келеді. Атап айтқанда, Airbus неміс концерні осындай зертханаларда бірнеше жыл бойы ұшақтарға арналған бөлшектерді сәтті даярлап келеді. Осындай бұйымдардың бірі - А380 ұшағына арналған кронштейн. Бұл - бөлшек қолдаушы элементтері бар, бірнеше қатты қабырғалы күрделі нұсқадағы алып бұйым. 3D-нұсқаларын жасау өндірісті айтарлықтай жеңілдетіп, ең күрделі деген нұсқалардың дәлме-дәл көшірмесін өндіріп шығарады.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық дәрігерлердің науқастардың мұрны мен өзге де дене бөліктерін ауыстыру үшін оларды 3D-принтерде басып шығармақшы екені хабарланған болатын. Сонымен қатар, "Технологияларды коммерциялау орталығының" бас директоры Дамир Егізбаев 3D-принтерлердің Қазақстандағы тіс дәрігерлері арасында үлкен сұранысқа ие болып отырғанын мәлімдеді. Бұл технологияларды қазір сәулетшілер мен оқу орындары пайдаланып жүр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети