18 мамыр 2015 | 11:19

Оңтүстік Қазақстан облысында тауға серуендеуге шыққан әйел қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ОҚО ТЖД құтқару отряды ©ОҚО ТЖД құтқару отряды

Оңтүстік Қазақстан облысында тауда серуендемек болған әйел шатқалдан құлап, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД құтқару жасағының қызметкерлеріне сілтеме жасап. Олардың айтуынша, оқиға Төле би ауданының Ақмешіт шатқалында болған. 


Оңтүстік Қазақстан облысында тауда серуендемек болған әйел шатқалдан құлап, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД құтқару жасағының қызметкерлеріне сілтеме жасап. Олардың айтуынша, оқиға Төле би ауданының Ақмешіт шатқалында болған. 

Айта кетейік, тауға демалуға 20 адам аттанған. Олар күндіз өзен айналасындағы тауды араламақ болады. Тау арасындағы тар әрі тік жарлы жол өте қауіпті. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 1954 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны 15 метр биіктіктен құлады. Әйелдің денесін көтере алмаған достары құтқарушыларды шақырады. Бір сағаттан соң құтқарушылар оқиға орнына келді. Қаза тапқан әйелдің денесі медициналық зембілмен көтерілді. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың басында Алматы облысында осыған ұқсас жағдай болды. 1987 жылы туылған алматылық жігіт тауда қыдырып жүріп, үсіп өлді. Данил Висков сол күні кеште қайтып келуді жоспарлаған, бірақ ол үйіне оралмады. Оның жоғалуы туралы хабарламаны таныстары барлық әлеуметтік желі арқылы таратты. Жігітті іздеуге Көкжайлауға құтқарушылар, достары мен туыстары барды. 20 адамнан құрылған Іздеу бригадасы денені іздеудің үшінші күні бір-ақ тапты. Оның денесін таудың етегіне түсіргенде туыстары оны таныды. Ол бірінші күні үсіп қалған болуы керек.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети