Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алу кешіне 10 мыңнан аса адам жиналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алу кешіне 10 мыңнан аса адам жиналды © Алматы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Батырхан Шүкеновті еске алу үшін Алматы қаласындағы Республика Сарайының алдына 10 мыңнан аса адам жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батырхан Шүкеновті еске алу үшін Алматы қаласындағы Республика Сарайының алдына 10 мыңнан аса адам жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жиналғандардың арасында орындаушының жақын достары, әріптестері мен тыңдармандары бар.

Айта кетейік, бұған дейін Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған кештің өткенін хабарлаған болатынбыз. Кешті Батырханның досы Сағынай Абдуллин жүргізді. Концерт 20.00-де Батырхан Шүкенов соңғы үш ай бойы қатысқан "Один в один" шоуының көрсетілімінен басталды. Батырхан Шүкеновті еске алу кешіне Мәскеуден оның достары мен әріптестері арнайы келді, олардың ішінде МУЗ-ТВ арнасының бас директоры Арман Дәулетияров та бар. 

Концерттен кейін Республика Сарайының алдында "Батыр: Live" фильм-концерті көрсетілді, онда әртістің өнер көрсеткен сәттері, достары мен жақындарының сұхбаттары, сахна сыртындағы түсірілімдері және әншінің өз пікірлері бар.

Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов 53-ке қараған жасында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Музыкантпен қоштасу 1 мамыр күні бір кезде орындаушының өзі шығармашылық жолын бастаған Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония ғимаратында өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети