20 мамыр 2015 | 17:10

Алматы балабақшасындағы жол апаты: Зардап шеккен екі баланың жағдайы ауыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
 © Роза Есенқұлова © Роза Есенқұлова

Дәрігерлер Алматыда Таугүл-1 ықшамауданындағы балабақшада болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау бөлімі брифингінен.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Дәрігерлер Алматыда Таугүл-1 ықшамауданындағы балабақшада болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау бөлімі брифингінен.

Зардап шеккен екі бала №1 қалалық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр. Басқарма басшысы Бағдагүл Әбдірасылованың айтуынша, жедел жәрдемге қоңырау түскі уақытта келіп түскен. Оқиға орнына 3 жедел-жәрдем көлігі барды. 8 бала қалалық ауруханаға дереу жеткізілді. Кейін тағы бір бала жеткізілді. Осылайша, зардап шеккендердің саны 9 болды.

"Екі бала жан сақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр. Балалар есін жиды, дегенмен жабық бассүйек-ми жарақатын алған. Қолдың, бастың терісі зақымданған. Жәбірленген балалар компьютерлік томография мен ультрадыбысты тексеруден өтті. Біз балаларды ауруханада аналарымен бірге болу керек деп шештік. Қазір барлық ата-ана ауруханада", - деді Әбдірасылова. Айта кетейік, ауруханаға емханалардағы ең мықты психологтар шақырылды. Барлық балалардың жасы шамамен 5-те. Басқарма басшысы балаларға операция жасаудың қажеті жоғын айтты.

Әбдірәсілова үшінші жедел жәрдем көлігі оқиға орнына бара жатқан жолда жол-көлік оқиғасына тап болғанын мәлімдеді. "Алтынсарин көшесі бойында біздің көлікті өткізіп жібермеген. Нәтижесінде машина Nissan автомобилімен соқтығысты. Екі қызметкер жарақат алды. Фельдшер №7 қалалық ауруханаға жеткізілді. Жеңіл жарақат алған екінші қызметкер үйіне жіберілді. Осы деректер бойынша біз құқық қорғау органдарына шағымданамыз", - деді Әбдірасылова.

 

Еске сала кетейік, үрейлі жол-көлік оқиғасы бүгін, 20 мамырда сағат шамамен 12.00-де болды. Жүргізуші әйел, куәгерлердің айтуынша, артқа қарай жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылған. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді. 46 жастағы жүргізуші әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer