21 мамыр 2015 | 09:33

Орал тұрғыны Қазақ хандығының мерейтойына арнап теректен мүсін ойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Әлеуметік желі ©Әлеуметік желі

Орал қаласының тұрғыны Болатбек Баймағамбетов Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жерлестеріне өзінің арнайы сыйлығын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орал қаласының тұрғыны Болатбек Баймағамбетов Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жерлестеріне өзінің арнайы сыйлығын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыйлық қаладағы Еуразия даңғылы аулаларының бірінде орналасқан теректен жасалып жатқаны белгілі. Өлген ағашты қайтадан тірілту идеясы Болатбектің басына осыдан екі ай бұрын келген екен. Мүсін кезіндегі ел қорғаған батыр образына сәйкес келеді. Сонымен қатар, мұндай жұмыстың бағасы күрделілігіне сай 300 мың теңгеден асады екен. Автор Болатбек Баймамғанбетов бұл туындының оралдықтарға арналған сый екенін айтты.

Теректі оюға дайындалған сәт. ©Facebook.com

"Бұл біріншіден, Қазақ хандығының 550 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып отыр. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің де батыр болып саналатынына ешкім шүбә келтірмейді. Сондықтан, туған қалама сыйлық тарту етуді жөн санадым", - деді мүсінші. 

Автор мүсінді электр арасымен ояды. ©Facebook.com

Дайын болған мүсіннің келбеті осындай. ©Facebook.com

Еске сала кетейік, 2014 жылдың қазан айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы активімен кездесуде 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекеленетінін хабарлаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети