21 мамыр 2015 | 19:02

"Адем" сауда үйіндегі өрт: 1,5 мыңнан аса адамның мүлкіне зақым келген

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Өрттен кейінгі "Адем" СҮ. © Дмитрий Хегай Өрттен кейінгі "Адем" СҮ. © Дмитрий Хегай

Алматыдағы "Адем" сауда үйінде болған өртте 1,5 мыңнан аса адамның мүлкіне зақым келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы "Адем" сауда үйінде болған өртте 1,5 мыңнан аса адамның мүлкіне зақым келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сауда үйіндегі өртке қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында төтенше жағдайдан зардап шеккен 640 адам полицияға арызданды. 

"Ішкі істер органдарының алдын ала мәліметі бойынша, өрттің салдарынан 1,5 мыңнан аса адамның мүлкіне зақым келген. Осыған байланысты, Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасы істі толық әрі тиімді тергеу үшін, оқиға жайлы толық мәлімет алып, шығынның көлемін анықтау үшін мүлкіне зақым келген жалға алушылар мен кәсіпкерлерден ресми арыз жазуды сұрайды", - делінген полицияның хабарламасында.

Айта кетейік, зардап шеккен тараптың ресми арыздарын Алматы қалалық ІІД-де арнайы құрылған жедел-тергеу тобы мына мекенжайда қабылдайды: Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 57 үй, кабинеттер: 310, 309, 308. Байланыс телефондары: 254-40-30; 254-41-17 және 8-701-558-34-73.

Еске сала кетейік, Алматы қаласындағы "Адем" сауда үйінің 25 мың шаршы метрін өрт шалған болатын. Тілсіз жау 26 сәуірде кешкі уақытта басталды. Оқиға салдарынан жалға алушылардың көпшілігі қажетті құжаттарынан айырылды, олардың ішінде жалға алу туралы келісімшарттар да бар. Құжаттар сауда үйінің ғимаратында қалды. ТЖД мәліметінше, өрт кезінде автоматты түрде дабыл қағатын жүйе ме өртсөндіру құрылғылары істен шыққан және сырттағы өртке қарсы сумен жабдықтау желісінде су болмаған.

Таяуда "Адем" сауда үйін жалға алушылар өрттің басталуы жазылған видео жасырылды деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, сол видео арқылы кінәлі тұлғаларды анықтауға болады. Өрттен зардап шеккендердің қорғаушысы, заңгер Сергей Уткиннің сөзіне қарағанда, егер тергеу өрттің басталған шағы түсірілген видеоны жасырмағанда, бірінші өртсөндіруші көліктің қай кезде келгенін және сол кезде күзеттің нендей әрекет жасағанын білуге болады.

Сонымен қатар, сарапшылар "Адем" сауда үйіндегі өрттен келген шығынның алдын ала көлемін атады. Шығынның алдын ала көлемі 5,3 миллиард теңгеге бағаланды. Алайда есептелген өтемақының сатушылардың тауарларына қатысы жоқ, бұл сома ғимарат шығыны үшін төленеді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer