Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Сарапшылар "Адем" сауда орталығындағы өрттен келген шығынның алдын ала көлемін атады

19 Мамыр 2015, 12:05
0
Өрттен кейінгі "Адем" СО. © Дмитрий Хегай
Өрттен кейінгі "Адем" СО. © Дмитрий Хегай

"Адем" сауда орталығындағы өрттен келген шығынның алдын ала көлемі 5,3 миллиард теңгеге бағаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында сақтандыру компанияларының бірінің директоры Борис Уманов мәлімдеді. Оның мәліметінше, шығынның көлемі бір ғимаратқа келген шығын бойынша есептелген. Есеп қолда бар құжаттар бойынша жүргізілген. Сақтандырушылар нақты бағалау жұмыстарын жүргізу үшін ғимараттың ішіне маусым айында кіруге ниеттеніп отыр. Еске сала кетейік, өрт шалған аумақтың көлемі шамамен 25 мың шаршы метрге жеткен болатын.

Умановтың айтуынша, тек бір ғимарат өртенген. "Бір ғимарат өртенді. Шығынның көлемі бүгінгі таңда 5,3 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Оның 900 миллион теңгесі - өндірістегі үзіліс. Түсетін сақтандыру өтемақысы осы", - деді Уманов. Сақтандыру компаниясы өкілінің болжауынша, өтемақыны төлеуге бір жылдай уақыт кетеді. Маманның айтуынша, бұл өтемақының сатушылардың тауарларына қатысы жоқ, бұл сома ғимарат шығыны үшін төленеді. Уманов өрт болардың алдында сатушылардың бірнешеуінің ғана сақтандыруды ресімдеуге шешім қабылдағанын еске салды. "Бізде бірнеше клиент болды, олардың арасында киім сататын бірнеше адам бар. Жалпы сома шамамен 10 миллион теңге. Бізге жеті арыз келіп түсті", - деді Уманов.

Еске сала кетейік, бұған дейін брифинг барысында Ұлттық кәсіпкерлік палатасының басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаева жалға алушыларға көмек көрсету мәселелерінің қайырымдылық қорларымен бірге пысықталатынын айтқан болатын. Сонымен қатар, Ұлттық кәсіпкерлік палатасы жанынан штаб құру жоспарланды. "Адем" СО иесі Ербол Тымбаевтың айтуынша, орталықтың екінші реттік құрылысын жүзеге асыру мәселесі қазір қаралып жатыр. "Біз алдыңгүні ғана уақытша бутик беру мәселесінің 80 пайызының шешімін таптық, ол шамамен 350 адам. Біз ертең базаны жасап, кімнің қайда түскенін қабырғаларға іліп, шығарамыз. Уақытша бутиктен бас тартып, негізгі ғимараттың құрылысын күткісі келетін адам көп, олар келісімшартқа қол қойып та қойды", - деді орталық құрылтайшысы.

Алматы қаласындағы "Адем" сауда орталығының 25 мың шаршы метрін өрт шалған болатын. Тілсіз жау 26 сәуірде кешкі уақытта басталды. Оқиға салдарынан жалға алушылардың көпшілігі қажетті құжаттарынан айырылды, олардың ішінде жалға алу туралы келісімшарттар да бар. Құжаттар сауда орталығының ғимаратында қалды. ТЖД мәліметінше, өрт кезінде автоматты түрде дабыл қағатын жүйе ме өртсөндіру құрылғылары істен шыққан және сырттағы өртке қарсы сумен жабдықтау желісінде су болмаған. Өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. "Адем" СО басшылығы жалға алушылардың шығынын толықтай төлеуге сөз берді. Сонымен қатар, әкімшіліктегілер оларға басқа жерден сауда орындарының берілетінін айтты. Айта кетейік, тергеу екі бап бойынша жүргізіліп жатыр: ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігі - Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу және 204-бап - Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай