26 мамыр 2015 | 12:29

"Протонның" құлауы мен киіктердің қырылуы арасында тікелей байланыс жоқ - Қазғарыш

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mgov.kz © mgov.kz

"Протонның" құлауы мен киіктердің қырылуы арасында тікелей байланыс жоқ. Мұндай ойымен ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мейірбек Молдабеков бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Протонның" құлауы мен киіктердің қырылуы арасында тікелей байланыс жоқ. Мұндай ойымен ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мейірбек Молдабеков бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Киіктер жаппай қырылды, бұл әрине экологиямен байланысты болуы мүмкін, сонымен қатар, ғарыш айлағымен, бірақ киіктердің қырылуын өңірлік шамада қарайтын болсақ, ол Қарағанды облысы Байқоңырдан алыс жерде орналасқан. Ал киіктердің қырылуы Қостанай, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында болып жатыр, сондықтан біз бұлардың арасында тікелей байланыс жоқ деп ойлаймыз, бірақ біз тексеру жүргіземіз", - деді Молдабеков жоғары палатаның халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы барысында қойылған сенатор Мұхтар Алтынбаевтың сұрағына жауап беріп. 

Журналистерге сұхбат беру барысында ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарушы зымыран ұшыру мен киіктердің қырылуы арасында тікелей байланыс жоқ деу, оның алдын ала болжамы екенін айтты.

"Менің ойымша, мұны ғылыми түрде дәлелдеу керек, тексеру қажет, менің айтайын дегенім бұл гептил емес, бірақ зерттеу жүргізіп, растау қажет. Ғалым ретінде мен мұны ("Протонның" құлауы мен жануарлардың қырылуы арасындағы байланысты - Авт.) жоққа шығармайтын едім, оданда тексерер едім. Киіктердің қырылған аумағы өте кең, ол - Ақмола, Қостанай облыстарынан басталып Ақтөбе облысына жетті. Бұл жерлер зымыран тасығыштар құлайтын аумаққа жатпайды, сондықтан тікелей байланыс жоқ деп отырмын", - деді ол.

Бұған дейін жаппай қырылған киіктер санының 90 мыңға жетіп қалғаны хабарланған болатын. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы киіктердің қырылуының алдын-ала себебін атады, ол - пастереллез ауруы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети