Қазақстанда 90 мыңға жуық киік қырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Жаппай қырылған киіктердің саны 90 мыңға жетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жаппай қырылған киіктердің саны 90 мыңға жетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Қостанай және Ақтөбе облыстарында киіктердің бетпақдала популяциясының жаппай қырылу салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. "Ақтөбе облысында өткен аптаның соңынан киіктердің қырылуы тіркелмеген", - деп мәлімдеді министрліктегілер. Соңғы мәлімет бойынша, Қостанай облысында шамамен 81 970 ұша жойылды. Жангелді ауданында штаб құрылып, Комиссия қызмет етіп жатыр.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Қостанай облысының аумағы киіктердің бетпақдала популяциясының төлдеу орны болып есептеледі. Өлген дарақ киіктерден барлық жануарларға ортақ пастереллез ауруының анықталуына байланысты 2015 жылдың 22 мамырынан бастап Қостанай облысының Амангелді ауданы Үрпек ауылдық мекені аумағында ветеринарлық-санитарлық шектеулер енгізілді.

Ал киіктердің бетпақдала популяциясының қырылу дерегі тіркелген "Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерватында жағдай тұрақтанды. 22 мамырдағы жағдай бойынша, Ақтөбе облысында 3092 дарақ киік өлді. ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қызметкерлерінің мәліметінше, өткен аптаның соңынан бастап аймақта киіктердің қырылу дерегі тіркелмеген.

Сонымен қатар, 21 мамыр күні Ақмола облысының Жарқайың және Жақсы аудандарының шекарасында киіктердің қырылу дерегі тіркелді. Қазіргі таңда киіктердің 4293 мың ұшасы жойылды. Ақмола облысында киіктердің қырылу аумағында халықаралық мамандар жұмыс істеп жатыр: Корольдік Ветеринария колледжінің өкілі Ричард Кох, Франкфурт Зоологиялық қоғамының өкілі Штефан Цутер және ФАО өкілі Сергей Хоменко.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer