27 мамыр 2015 | 12:01

Әліби ісі: Аружан Сайынның қорына екі миллион теңге аударылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Аружан Сайын. ©Ярослав Радловский Аружан Сайын. ©Ярослав Радловский

Жұмағұловтар балалардың еміне арнап қайырымдылық қорына екі миллион теңге аударды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Мейірімділік" ерікті қоғамы" қорының директоры Аружан Сайын хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жұмағұловтар балалардың еміне арнап қайырымдылық қорына екі миллион теңге аударды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Мейірімділік" ерікті қоғамы" қорының директоры Аружан Сайын хабарлады.

Таяуда Әліби Жұмағұловтың адвокаты Хамида Айтқалиева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында балаларға көмек көрсету үшін қорға қаражаттың аударылғанын растайтын суретті жария етті. "Әлібиге жиналған қаражаттың Аружан Сайынның Қорына аударылғанын растайтын құжатты жүктедім. Әрқайсыңыз банк арқылы қаражаттың қайда жұмсалғанын көрулеріңізге болады", - деп жазды адвокат.

"Біз қаражатты алдық. Ақша түгелдей балалардың ем алуына жұмсалады. Бұл "Балаларға өмір сыйла" акциясы". 2 миллион 110 мың теңге аударылды. Бұл қаражаттың дәл қай балаларға аударылатынын айта алмаймын, бірақ ақша келіп түсті. Ақша аудару процесі тез болған жоқ, себебі KIWI төлем жүйесі заңды тұлғаларға аудармайды. Яғни ол жақта заңды тұлғаларға аудару мүмкіндігі жоқ. Олар KIWI әкімшілігімен байланысқа түсіп, ақша аударуға рұқсат алғысы келді, кейін ақшаны Нұрлан Жұмағұловтың шотына және одан кейін ғана қор есепшотына ақша аударылады деп келісілді. Бірінші соманы біз 27 сәуірде алдық, ол жақта қаражат картаға және KIWI-әмиянға жиналды. Сол картадан алғанымыз 27 сәуірдегісі. Ал KIWI заңды тұлғаға аударғысы келмеді және мереке күндері болды. Міне, кеше сол қаржы аударылды", - деді Аружан Сайын.

Ол қаржылай көмек көрсеткен азаматтарға алғыс айтты. "Біз, әрине, Жұмағұловтардың отбасына қаржылай көмек көрсеткісі келгендерге алғыс айтамыз, себебі осы арқылы адамдар қолдау білдіріп, сол бір әрекеттерге қарсы екендігін көрсетеді. Адамдар әділдіктің болғанын қалады. Адвокат жалдаудың, емделудің қымбат екенін бәрі түсінеді. Бірақ олар қаражатты пайдаланбауды шешті. Біз Әлібиге көмек көрсеткен әрбір адамға алғыс айтамыз, себебі бұл қаржы бір немесе екі баланың өмірін сақтап қалуға жұмсалады. Сонымен қатар, қолдау білдірген дәрігерлерге рақмет айтамыз. Себебі мұндай қолдау адамға әсер етеді. Тергеудің әділ өтетініне үміттенеміз", - деді ол.

Еске салайық, Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Нұрлан Жұмағұлов қаражатты Аружан Сайынның "Мейірімділік" ерікті қоғамы" қорына аударуға ниетті екенін хабарлаған болатын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course up  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer