29 сәуір 2015 17:14

Тараптардың ымыраға келуін қарастырып отырған жоқпыз - Әліби Жұмағұловтың әкесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Facebook.com @Facebook.com

Әліби Жұмағұловқа қатысты іс қоғамда дүрлігу туғызды. Оқиға болғаннан кейін бірнеше күн бойы жәбірленушінің әкесі Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желілерде тілшілермен болған сұхбатын жариялап жүрді. Соңғы бірнеше күннен бері ол ақпарат құралдарымен де, желі қолданушыларымен де қарым-қатынасты үзді.


Әліби Жұмағұловқа қатысты іс қоғамда дүрлігу туғызды. Оқиға болғаннан кейін бірнеше күн бойы жәбірленушінің әкесі Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желілерде тілшілермен болған сұхбатын жариялап жүрді. Соңғы бірнеше күннен бері ол ақпарат құралдарымен де, желі қолданушыларымен де қарым-қатынасты үзді.

Қолданушылардың бірі істің тараптардың ымыраға келуімен аяқталуға жақындап келе жатқанын айтқан болатын. Tengrinews.kz тілшісімен болған сұхбатта Әлібидің әкесі Нұрлан Жұмағұлов бірнеше сұраққа жауап берді.

- Сіздің ұлыңыз Әліби Жұмағұловтың оқиғасы әлеуметтік желілерде үлкен дүрлігу туғызды. Бірнеше жағдайды анықтап алғым келеді. Қазір болған оқиғаға қатысты бірнеше нұсқалар пайда болды. Тәжірибе жүзінде "ақпараттық соғыс" кері бұрылды деген де пікір бар. Осыған қатысты не айтасыз? Халық қалай қабылдайды деп жоспарлап отырсыз?

- Осыған дейін айтқанымдай, мен бұл саланың маманы емеспін, маған қазір өте ауыр. Сондықтан мұндай жағдайларға жауап қайтара алмаймын. Жаман адамдарға қарағанда жақсы жандардың әлдеқайда көп екеніне көзім жетті. Адамдар шындық пен өтірікті өздері ажырата алады. Ешқандай ақшаның күші жақсы адамға зұлымдықты жақсылық деп қабылдата алмайды.

- Әлеуметтік желілерде сіздің ұлыңызға қолдау көрсету мақсатында ашылған аккаунттар пайда болды. Әлемнің әр түкпірінен адамдар #алибиживи хэштегімен сіздің ұлыңызға тілектерін жаудырып жатыр. Сондықтан да Әлібидің жағдайы барлығын алаңдатады. Ұлыңыздың жағдайы қалай?

- Әлібидің жағдайы күн өткен сайын жақсарып келеді. Дегенмен оған операция жасалады. Қазір онымен түрлі саланың мамандары жұмыс істеп жатыр. Әліби жақын арада сауығып, барлығына өзін қолдағандары мен көмектері үшін рақмет айтады деп үміттенеміз.

- Жиналған қаражат жөнінде түрлі әңгімелер болды. Жақын күндері Facebook желісіндегі парақшаңызда ақша жинаудың тоқтатылатынын хабарладыңыз. Жиналған ақша қайда жұмсалады?

- Шын мәнінде, мен түрлі әңгімелерден қашу үшін осындай шешім қабылдадым. Сонымен қатар, мен халықтан көмек сұраған кезде медициналық көмек пен қорғаушы қызметі тегін болатынын білмедім. Дереу ақша керек болған кезде қаражат таба алмай қаламын ба деп қорықтым. Қазірге дейін шотқа 2 012 714,53 теңге келіп түсті. Егер емделу сәтті аяқталып, ақша керек болмаған жағдайда мен оны Аружан Сайын атындағы қорға аударамын.

- Сіз Facebook желісіндегі парақшаңызды біреулердің құлыптап тастағаны туралы жазған едіңіз. Кейбіреулер бұған сізді кінәлап отыр.

- Мен бұл саладан көп хабарым жоқ, сондықтан да мен көптеген қателік жібердім. Маған парақшамның қорғалмағанын, сондықтан да оған кез келген адамның материалдар жариялап, басқа да мүмкіндіктерге ие бола алатынын айтты. Сонымен қатар, мен көшірме парақшалар ашуға болатынын, біреулердің менің атымнан парақша ашқандарын білмедім. Мысалы, кеше ғана қорғаушым менің атымнан жалған парақша ашылғанын анықтады. Біздің сұрауымызбен ол парақша өшірілді. Парақшаны ашқан адам бізге көмек көрсеткісі келген екен. Бірақ менің парақшамды құлыптауға тырысқан басқа да адамдар бар. Сондықтан да мен қазір өзіме жүктеліп отырған міндетті сезініп, менің атымнан ерте ме, кеш пе біреудің жаза бастайтынын білдім. Қазір өзімнің парақшаларымды жауып, менің атымнан ашылған парақшалардың маған ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдегім келеді. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Біз қазір тергеуге қатысты барлық материалдарды ақпарат құралдары арқылы жариялауға тырысып отырмыз. Сол себепті тілшілердің бізді қолдап, барлық жағдайды объективті түрде жеткізуін сұраймыз.

-  Сіздің ұлыңыздың жеке өмірі туралы көптеген әңгіме айтылып жатыр. Сіз соққыға жығудың негізгі себебі Айнұр Исинамен арадағы қатынас екенін жазған едіңіз. Осы жөнінде не айта аласыз?

- Мен ұлыма салт-дәстүрімізге сай өмір сүру керектігін айтып өсірдім. Ол мені де, анасын да сыйлайды. Өзінен кішілерге үлгі болуға тырысады. Олар қарым-қатынаста болды, дегенмен  толық айтып бере алмаймын. Сіздер ол қыздың басқаша жауап бере алмайтынын жақсы білесіздер. Ол қызда басқа таңдау жоқ. Уақыты келгенде бәрін білетін боласыздар.

- Сіздің құқық қорғау органдарына қатысты қандай да бір күмәніңіз бар ма?

-  Жоқ. Ешқандай күмәнім жоқ. Іс қазір Бас Прокуратура мен ҚР ІІМ бақылауында. Бізді жүздеген мың қазақстандық қолдап отыр. Іс заң бойынша жүргізіледі деп үміттенемін.

- Тергеу ісі қалай жүріп жатыр, бірдеңе анықталды ма?

- Тергеушілер күн сайын жұмыс істеп жатыр. Бірақ мен өзіме белгілі жайларды айта алмаймын. Қазір адамдардың назарын өзімізге аударатын уақыт. Бізді қаншама қазақстандық қолдап отыр. Сондықтан да мен қорғаушылармен де, тергеушілермен де дұрыстап жұмыс істеуім керек.

- Қылмыстық іс неліктен "бопсалаушылық" бабы бойынша қозғалды?

- Мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Дегенмен тергеушілер бұлай негізсіз жасамайды деп ойлаймын.

- Сіз Жамалиевпен келісімге келуді ойладыңыз ба?

- Жоқ. Мен мұндай нұсқаны қараған емеспін, қарамаймын да. Мұндай адам тиісті жазасын алуы қажет.

- Сіз үлкен резонанс болатынын күттіңіз ба? Сонымен қатар, осыншама үлкен деңгейде туған дау арнайы СММ мамандарының көмегімен таралды деген де әңгіме бар. Сіздің жағдайыңызды өз пайдасына пайдаланғандар да бар екені туралы айтылды. Сіз бұл жөнінде не дейсіз?

- Мұндай деңгейде дүрлігу болатынын күткен жоқпын. Мен көп жыл өмір сүрдім, дегенмен ғажайыпқа сенбейтін едім. Дегенмен менің ұлыма қатысты осындай қолдау - нағыз ғажайып. Өз тарапынан мыңдаған қазақстандық қолдау мен көмек көрсетті. Бұл бізге күш береді. Мен барша қазақстандықтарға алғысымды айтқым келеді. Өз халқымды мақтан тұтамын. Барлығына тағы да рақмет айтамын.

Еске сала кетейік, 24 сәуірде Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге өзінің ұлы Әлібидің аяусыз ұрып соғылғаны, бұл іске кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады. Оның айтуынша, 21 сәуірде ұлы Әліби Жұмағұлов үйден жарты сағатқа жұмыстарымен шығып кеткен. Түнгі уақытта Әлібидің досы қоңырау шалып, жас жігіттің ауыр жағдайда ауруханада жатқанын хабарлаған.

Жамалиев қамауға алынды. Сот оған тергеу амалдары біткенше екі ай мерзімде қамауда ұстау қаулысын шығарды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары қылмыстық іс бойынша айыпталып отырған Жамалиевтің иелігіндегі барлық орындарға "байкот" жариялау мәселесін көтеріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети