Желіде Атырау қаласында ішінара қираған үйдің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.TV. Ғимараттың қирап жатқан сәті бейнеленген роликті YouTube желісіне Azta нигіндегі қолданушы жүктеді.
Желіде Атырау қаласында ішінара қираған үйдің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.TV. Ғимараттың қирап жатқан сәті бейнеленген роликті YouTube желісіне Azta нигіндегі қолданушы жүктеді.
Отбасылық типтегі жатақхана Баймұханов көшесінің бойында орналасқан. Құтқарушылардың айтуынша, түскі уақытта жатақхана тұрғындары ТЖ департаментінің кезекші бөліміне хабарласып, үйдің қабырғасында сызат пайда болғанын айтқан.
"Үйден ондаған адам эвакуацияланды. Эвакуациядан кейін жарты сағаттан соң үйдің екі қабаты, 15-20 минуттан соң үшінші қабаты құлады", - деді департаменттегілер. Дер кезінде эвакуациялаудың нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар болмады. Ведомствоның хабарлауынша, 100 бөлмелі жатақханада нақты неше адам тұратыны әзірше белгісіз. Баспаналарынан айырылған тұрғындар жергілікті жатақханалардың біріне уақытша көшірілді. Қазір ғимарат маңын полицейлер қоршауға алды.