Астанада әйелін өртеп жіберген Сәдуов Қанатқа іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада әйелін өртеп жіберген Сәдуов Қанатқа іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Астана қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасы аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді іздеп жатыр: Сәдуов Қанат Ғайсаұлы, 30.10.1972, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданының тумасы. Бұлтартпау шарасы - қамауға алу", - делінген хабарламада.
Іздеу жарияланған адамның белгілері: бойы 175-180, көзі қоңыр, шашы қара, қысқа, дене-бітімі арық. Қара күртеше киген, бейсболка және кроссовкасы қара түсті. "Қандай да бір мәлімет пайда болса мына мекен-жайға хабарласуларыңызды өтінеміз: индекс 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 19, байланыс телефондары: код 8 (7172) 71-60-22, 71-60-29, 71-60-10, ұялы тел.: 87472277940, 87711003232", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 26 мамырда Астанада №25 мектептің маңында ер адам мұғалімді өртеп жіберген болатын. Ер адамның аты-жөні анықталды - ол әйелдің күйеуі болып шықты. Соттың қаулысы бойынша, ол мұғалімге жақындамауы тиіс болған. Расталмаған мәліметтерге қарағанда әйел адамның 60 пайыз денесін күйік шалды. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтап жатыр. Ал таяуда зардап шеккен әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.