01 маусым 2015 | 16:29

Атырауда қираған жатақхана апатты жағдайда деп танылған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Рахима Қойлыбаева © Рахима Қойлыбаева

Атырауда қираған жатақхана апатты жағдайда деп танылған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда қираған жатақхана апатты жағдайда деп танылған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, Баймұханов көшесінде орналасқан №39 үй 1970 жылы салынған. "2010 жылы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы оны адам тұруға жарамсыз деп тапқан. Жатақхана газбен қамтамасыз етілмеген, ғимарат канализация мен жиналған судан құлады", - делінген хабарламада. Сонымен қатар хабарламада жатақхана жертөлесінің канализация қалдығына толып қалғаны жазылған. Қаулыға сәйкес, үй апатты жағдайда деп танылып, көпқабатты апатты жағдайдағы үйлердің тізіміне енгізілген.

"31 мамырда болған оқиғадан кейін 38 отбасы, яғни 141 адам (97 ересек, 44 бала) "Қазқұрылыс" PSN-ге тиесілі жатақханаға көшірілді. Олар төсек орны, ыстық тамақпен қамтылып, медициналық бақылауға алынды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Атырау әкімдігінің мәліметінше, бөлмелер жекешелендіру кезінде жатақхана тұрғындардың меншігіне берілген екен. Ауданы 10-18 шаршы метр болатын барлық пәтер бір бөлмелі. 2011-2012 жылдары кей бөлмелердің иелері үйге жөндеу жұмыстарын жүргізіп біткенше мемлекеттік бағдарламамен басқа пәтерлерге көшірілген. Бірақ жөнделген ғимарат жарамсыз деп танылған.

Жаңа жатақханада 95 пәтер бар, 32 отбасы бос тұрған басқа пәтерлерге көшірілді, 63 отбасы осында қалды. "2014-2015 жылдардағы апатты жағдайдағы үйлер" бағдарламасы бойынша 240 пәтерлі үй тұрғызылып жатыр. Жатақхана тұрғындары осы пәтерлерге 2014 жылдың аяғына дейін көшіріледі деп жоспарланған, дегенмен, құрылыс жұмыстары уақытында бітпегендіктен, олар уақытында көше алмады. Үйлер 2015 жылдың 15 маусымына дейін берілуі тиіс. "63 отбасының 39-ы көшуге келісімдерін берді. Қалған 24 отбасы келіспеді, олардың 12-сі сотқа арызданды", - деді әкімдіктегілер.

Еске сала кетейік, Атырауда бес қабатты жатақхананың бір бөлігі опырылып құлап түскен болатын. Құтқарушылардың айтуынша, түскі уақытта жатақхана тұрғындары ТЖ департаментінің кезекші бөліміне хабарласып, үйдің қабырғасында сызат пайда болғанын айтқан."Үйден ондаған адам эвакуацияланды. Эвакуациядан кейін жарты сағаттан соң үйдің екі қабаты, 15-20 минуттан соң үшінші қабаты құлады", - деді департаменттегілер. Дер кезінде эвакуациялаудың нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар болмады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.3  course up  547.74  course up  4.79  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer