03 маусым 2015 | 12:09

Энергетика министрлігі Қазақстанда жанармай бағасын негізсіз көтерді деп айыпталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Энергетика министрлігі Қазақстанда жанар-жағармайдың бағасын негізсіз көтерді деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаты Николай Логутов Энергетика министрлігінің басшылығын жауапқа тартып, жанар-жағармай бағасының жақында қандай себеппен көтерілгені туралы түсінік беруді талап етті.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Энергетика министрлігі Қазақстанда жанар-жағармайдың бағасын негізсіз көтерді деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаты Николай Логутов Энергетика министрлігінің басшылығын жауапқа тартып, жанар-жағармай бағасының жақында қандай себеппен көтерілгені туралы түсінік беруді талап етті.

"ҚР Энергетика министрлігінің әлемдік мұнай бағасының төмендеуіне байланысты отын түрінің барлығын арзандатуы көңілге қонымды болды. Айта кету керек, АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 108-ден 99 теңгеге түсті, алайда ол кезде мұнай баррелінің бағасы 60-62 доллар болған еді. Бұдан кейін мұнайдың бағасы тағы төмендеді, бірақ бензиннің бағасы сол 99 теңге күйінде қалды. Биыл 26 мамырда Министрлік менің ойымша, негізсіз түрде бензиннің бағасын тағы 108 теңге деп белгіледі, ол мұнай бағасының қымбаттауымен түсіндірілді. Бірақ ол тағы 60-62 доллар тұрады", - деді депутат Николай Логутов Энергетика министрлігінің басшысына Қазақстан үкіметінің барлық мүшесі қатысқан төменгі палатаның кеңейтілген отырысы барысында.

"Неге байланысты сіздің ведомство бензиннің бағасын көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл үшін қандай алғышарттар болды?", - деп сұрады депутат.

"Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы және осы қыста жанармайдың әлеуметтік түрінің бағасы үш рет төмендетілді. Сонымен қатар, ортақ Еуразиялық нарық пен шекараның ашық болуы елден жанар-жағармайдың жылыстауын болдырмаудың және келісілген көлемде үздіксіз жанар-жағармаймен қамтамасыз ететін республиканың жанармай құю бекеттерінде бөлшек сауда бағасын қолайлы деңгейде қалыптастыру шараларын қолға алуға әкеп соқтырады. Бөлшек сауда бағасын мұнай бағасымен және бренд сортына байланысты есептеу ережелеріне сәйкес, шекті баға бекітілді - 108 теңге, ол қазіргі таңда қолданыста және аяқталмаған өндіріс тұрақты жұмыспен қамтылды, сонымен қатар, іргелес елдерге қазақстандық арзан жанар-жағармайды шығару тоқтатылды", - деп жауап берді сұраққа ҚР энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин. Ол жанар-жағармайдың шекті бағасын белгілеуге арналған есептеудің нақты нәтижелері мен ережелерін кейінірек депутаттарға беруді уәде етті.

Еске сала кетейік, биыл 26 мамырда Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 108 теңге болып белгіленді. Осыдан кейін Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева мұнай-газ секторын дамыту проблемалары мен перспективалары деген тақырып бойынша өткен парламенттік тыңдауды қорытындылау барысында жыл сайын күзде болатын бензин тапшылығы ажиотажы қайталана ма деген алаңдаушылығын жеткізді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer