32 жастағы Мартин Мюррейдің жанкүйерлері боксшы 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқаннан кейін көбейе бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол кездесуде Мюррей 11-раундқа дейін шыдап, табандылығын көрсеткен болатын.
32 жастағы Мартин Мюррейдің жанкүйерлері боксшы 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқаннан кейін көбейе бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол кездесуде Мюррей 11-раундқа дейін шыдап, табандылығын көрсеткен болатын.
"Мен өз командаммен кеңесе отырып, бір салмаққа жоғарылауға шешім қабылдадым. Егер мүмкіндік туса, мен орта салмақтың лимитіне әлі де кіре аламын. Мен орта салмақ бойынша күш жағынан Геннадий Головкиннен кейінгі екінші орындамын деп сенемін", - деді Мартин Мюррей.
Tofight.ru порталының мәліметінше, Мюррей оған дұрыс жекпе-жек ұсынылса, қайтадан орта салмаққа түседі. Ол Энди Лимен қуана-қуана жұдырықтасамын деп отыр.
"Бірақ әлемдік деңгейдегі боксшылар да бар, мен олармен супер орташа салмақта кездесе аламын. Ол Джордж Гроувз, Джеймс Дигейл мен Карл Фроч - бұлардың барлығы да тамаша боксшы", - деді ол.
Еске сала кетейік, Монакодағы Salle des Etoiles аренасында 22 ақпанға қараған түні өткен жекпе-жекте WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин ағылшын боксшысы Мартин Мюррейді 11-раундта нокаутқа түсірген болатын. Головкин қарсыласын төртінші раундта екі рет нокдаунға түсірді. Қазақстандық оң қолымен Мюррейдің бүйірінен ұрды, ол екі сәтте де тізерлеп отырып қалды. Ағылшын боксшысы оныншы раундта да нокдаунға түсті. Ал он бірінші раундта Головкин қарсыласын нокаутқа түсіріп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.