11 маусым 2015 | 18:19

Мақсат Үсеновтің әкесінің қамауға алынғанын жемқорлыққа қарсы ведомство растады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің экс-басшысы Қажымұрат Үсеновтің ұсталғанын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Ішпекбаев растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің экс-басшысы Қажымұрат Үсеновтің ұсталғанын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Ішпекбаев растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тілшілердің "Қажымұрат Үсенов қамауға алынды ма?" деген сұрағына ол: "Ия, қамауға алынды", - деп жауап берді.

"Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, толығырақ айта алмаймын. Мәселе ақшаға байланысты", - деді Ішпекбаев Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысының алдында.

Отырыстан кейін Ішпекбаев белгісіз себептермен айтқандарын теріске шығара бастады. "(...) Әзірше мемлекеттік қаржылардың жұмсалуын тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Тек тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірше ешкім қамауға алынған жоқ. Тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ол ақпарат құралдары өкілдеріне.

Айта кетейік, тілшілерде Ішпекбаевтің Үсеновтің қамауға алынғаны туралы айтқаны түсірілген видеолар мен дыбыс жазбалары бар. 

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ баспасөз қызметі басшысы Айгүл Мүкейдің айтуынша, Үсенов қызметтен кеткеннен кейін компания кеңесшісі қызметін атқармаған.

"Қажымұрат Үсенов "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ компаниясында жұмыс істемейді. Өз қалауымен 2014 жылдың 31 қаңтарында қызметтен кетті", - деді ол.

Айта кетейік, ақпарат құралдарында Үсеновтің қамауға алынғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Еске сала кетейік, 2013 жылы Қажымұрат Үсеновтің ұлы, 24 жастағы Мақсат Үсенов "Целинный" кинотеатрының маңындағы жаяу жүргінші жолынан алты бірдей адамды қағып кеткен. Бір жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған. Мақсат Үсенов қамауға алынып еді. Бірақ кейіннен тараптардың татуласуына орай қылмыстық іс тоқтатылып, ол қамаудан босатылған болатын.

Мақсат Үсенов Алматы қаласында 2014 жылы 15 қарашасында Mercedes автокөлігімен қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota RAV4 көлігімен соқтығысты, рульде 38 жастағы әйел адам болған. Ол басынан жарақат алды. Аталған факт бойынша медициналық сараптама жүргізілді. Ал Мақсат Үсенов жол-көлік оқиғасы орнында болғанын жасырғысы келді. Ол жолаушы орнына ауысып, сотта көлікті басқарған басқа адам болатын, деп мәлімдеді.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer