Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Мақсат Үсенов айыппұлдарын төледі

19 Қаңтар 2015, 09:07
0
Мақсат Үсенов. ©Youtube желісі
Мақсат Үсенов. ©Youtube желісі

Мақсат Үсенов өзіне салынған барлық айыппұлды төледі. Бұл туралы "Мегаполис" газетінің ресми сауалына ҚР Әділет министрлігінің берген жауабында айтылды. Енді Үсеновтің ісін жүргізген сот орындаушы оның қарыз адамдардың базасында жарты жыл бойы тұрғаны үшін жазалануы мүмкін.

Басылым Мақсат Үсеновтің 2014 жылдың ақпан айынан бастап 2013 жылдың желтоқсан айында жасалған жол-көлік оқиғасы бойынша айыппұл төлемегені үшін атқару өндірісінде қарыз адамдардың реестрінде тізімде болғанын жазады. Бұл мәлімет Әділет министрлігінің сайтында 6 қаңтарда болды. Бірақ Мақсат Үсенов 2013 жылдың желтоқсан айында жасаған жол-көлік оқиғасы үшін салынған 27 780 теңге көлеміндегі айыппұлды 2014 жылдың 13 маусымында мәжбүрлі түрде төлеген еді, ал оның аты-жөні Әділет министрлігінің реестрінде сот орындаушының ықтиярсыздығынан жарты жыл бойы ілініп тұрған.

Осы іске қатысты атқару өндірісі 2014 жылдың 12 желтоқсанынан бастап тоқтады, бірақ заңда бір тәулік уақыт берілетіні жазылған. Сол күні сот орындаушы Мақсат Үсеновтен мемлекеттің пайдасына өндіру сомасының 10 пайызы көлемінде атқару санкциясын өндіріп алу үшін тағы бір атқару өндірісін қозғайды. "2015 жылдың 8 қаңтарда қарыз адам бұл соманы төледі, осыған байланысты сот орындаушының қаулысымен атқару өндірісі тоқтады", - делінген ҚР Әділет министрлігінің ресми жауабында. Бір қызығы, басылымның сауалы ведомствоға 2015 жылдың 6 қаңтарында түскен.  

Сот орындаушы Мақсат Үсеновтің аты-жөнін қарыз адамдардың реестрінен өз уақытында неліктен алып тастамағанын қазіргі уақытта оның басшылығы анықтап жатыр. Газет сот актісі тиісті түрде атқарылмағандықтан сот орындаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін жазады.  

Еске сала кетейік, 2013 жылдың соңында Мақсат Үсенов BMW X6 автокөлігімен алты адамды қағып кетті. Олардың біреуі қайтыс болды. Айыптыға қаза болған адамның отбасы кешірім берді. Айта кетейік, зардап шеккендердің де шығыны төленді және олар шағымданудан бас тартты. Бірақ ол зардап шеккендердің денсаулығына жеңіл және орташа зиян келтіргені үшін үш жылға көлік жүргізу құқынан айырылды. Сондай-ақ оған айыппұл салынды.

5 желтоқсанда Мақсат Үсенов тағы тоғыз айға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. Үкімді Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық соты қабылдады. Айыпталушы отырысқа қатысқан жоқ. Екінші жол көлік оқиғасы Алматы қаласында 15 қарашада болды. Ол Mercedes автокөлігімен қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota RAV4 көлігімен соқтығысты, рульде 38 жастағы әйел адам болған. Ол басынан жарақат алды. Аталған факт бойынша медициналық сараптама жүргізілді. Ал Мақсат Үсенов жол-көлік оқиғасы орнында болғанын жасырғысы келді. Ол жолаушы орнына ауысып, сотта көлікті басқарған басқа адам болатын, деп мәлімдеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай