Алматы - Шымкент трассасындағы жол апатынан қаза болғандардың саны 11 адамға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы - Шымкент трассасындағы жол апатынан қаза болғандардың саны 11 адамға жетті ©Tengrinews.kz

Алматы - Шымкент трассасындағы жол-көлік оқиғасынан қаза болғандардың саны 11 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға орнында сегіз адам қаза тапты, тағы үшеуі ауруханада қайтыс болды.


Алматы - Шымкент трассасындағы жол-көлік оқиғасынан қаза болғандардың саны 11 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға орнында сегіз адам қаза тапты, тағы үшеуі ауруханада қайтыс болды.

Ауруханадағылардың айтуынша, оларға Алматы - Шымкент трассасындағы жол-көлік оқиғасынан сегіз адам түскен. Олардың үшеуінің жағдайы өте ауыр болып, ауруханаға жеткен бойда көз жұмды. Қазір жан сақтау бөлімінде тағы төрт адам жатыр. Олардың барлығы комада 2-ші және 3-ші дәрежедегі жарақатымен жатыр. Екеуі аса ауыр жағдайда. Ауруханаға түскендердің барлығында бассүйек-ми ашық жарақаты, сүйек сынығы мен кеуде жарақаттары тіркелді.

Еске сала кетейік, Алматы - Шымкент тасжолында жол апаты болып, 6 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. ІІД пультіне хабар шамамен 12.30-да келіп түскен. "Mercedes Sprinter автомобилі Howо жүк көлігімен соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасынан алты адам қаза тапты. Сонымен қатар, бірнеше адам түрлі дәрежедегі жарақат алды, олардың саны нақтыланбады. Қазіргі уақытта оқиға орнына ІІД, ТЖ және дәрігерлер тобы кетті", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.

 
Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 492.75   573.14   6.79 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +30
Ақтау +19
Ақтөбе +19
Атырау +20
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +35
Қызылорда +29
П
Павлодар +27
Петропавл +31
С
Семей +32
Т
Талдықорған +29
Тараз +34
Түркістан +20
О
Орал +30
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер