29 маусым 2015 | 23:14

"Әліби ісі" бойынша үшінші фигурант Арман Әбілтаевтің адвокаты жаңа мәліметтерді айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі ©Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

"Әліби ісі" бойынша үшінші фигурант Арман Әбілтаевтің адвокаты жаңа мәліметтерді айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Әліби ісі" бойынша үшінші фигурант Арман Әбілтаевтің адвокаты жаңа мәліметтерді айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Осы жылдың 16 маусымда Әліби Жұмағұловтың ісі бойынша үшінші күдікті - мемлекетаралық іздеуде болған 35 жастағы Арман Әбілтаевтің ұсталғаны хабарланды. Бұған дейін елорда ІІД өкілдері күдікті Әбілтаевтің қылмыстық жауапкершіліктен жасырынып жүріп, түр-тұлғасын айтарлықтай өзгерткенін хабарлады. Ол ұсталғаннан кейін Астананың ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ал бүгін Астанада Арман Әбілтаевтің қорғаушысы - адвокат Нұрлан Бейсекеев баспасөз мәслихатын өткізді. Мұнда ол оқиғаның болған мән-жайын айтып берді, оның айтуынша, қорғауындағы күдікті қылмыстық жауапкершіліктен жасырынып жүрмеген, отбасы жағдайына байланысты Астанадан кетіп қалуға мәжбүр болған. 

"Түсініктеме берілді, онда оның бір жыл бұрын қайтыс болған шешесін еске алуға кеткендігі жазылды. Ол шешесінің қайтыс болған күні зиратта болмауын дұрыс деп есептемеді", - деді Арман Әбілтаевтің адвокаты.

Баспасөз мәслихаты кезінде Нұрлан Бейсекеев Әбілтаевтің түр-сипатын неліктен өзгерткенін, нақтырақ айтсақ, сақалын неліктен алып тастағанын түсіндірді. "Сақалға келсек, оның тарапынан құқық қорғау органдарына түсініктеме берді, онда күдіктінің бірде сақалын алып тастайтыны, ал бірде қырып жүретіні айтылған. Қылмысты қудалау органдары бұл мәселені анықтауға ниетті емес. Қазіргі уақытта бұл мәлімет оның қылмысты қудалау органдарынан жасырыну үшін сақалын қырды деп беріліп жатыр", - деді адвокат өзінің қорғауындағы адамның Әліби Жұмағұловты ұрып-соғу ісі бойынша айыбын мойындамайтынын айта отырып,

"Сонда болғанын растайды. Шешілуі тиіс бұл мәселеге соталды өндіріс органдары, прокуратура, сот бағалайды", - деді адвокат.

Айта кетейік, Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғуға байланысты дау биылғы сәуірде басталған еді. Жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге баласының суретін салып, оны қаладағы белгілі кәсіпкер Қайрат Жамалиев ұрды деп хабарлады. Кейін кәсіпкер ұсталып, екі айға қамауға алынды. Осы іске байланысты соттың іс қарауы Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында жабық түрде өтіп жатыр. Жамалиевпен бірге оның бұрынғы жүргізушісі Анатолий Прибытков та сотталушы ретінде қаралып жатыр.

Еске салайық, Қайрат Жамалиев үш бап бойынша айыпталып отыр: 194-бап 4 - Қылмыстық топпен ірі көлемде ақша бопсалау (мүлкін тәркілеу арқылы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған); 126-бап 2 - Алдын ала сөз байласып адамдар тобымен адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айыру  (бес жылға дейін бас бостандығынан мүлкін тәркілеу арқылы жазалау немесе мүлкін тәркілеусіз бес жылға бас бостандығынан айыру жазалау шарасы қарастырылған); 121 бап 2 - Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерді адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасау, өлтіремін деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасау (бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру). Екінші сотталушы Анатолий Прибытков та адамды бостандығынан заңсыз айыру және бопсалау баптары бойынша айыпталып отыр (ҚР ҚК 126-бабының 1-,3-бөлімдері, ҚР ҚК 4-бабының 2-бөлімі).

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer