Әліби ісі: Жамалиев жыныстық сипаттағы зорлық жасады деп айыпталып отыр

26 Мамыр 2015, 07:09
0
Әліби ісі: Жамалиев жыныстық сипаттағы зорлық жасады деп айыпталып отыр - Қайрат Жамалиев оң жақта
Қайрат Жамалиев оң жақта

Кәсіпкер Қайрат Жамалиев нәпсіқұмарлық әрекет жасады деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әліби Жұмағұловтың адвокаты Хамида Айтқалиеваның айтуынша, Қайрат Жамалиев үш бап бойынша айыпталып отыр:

194-бап 4 - Қылмыстық топпен ірі көлемде ақша бопсалау (мүлкін тәркілеу арқылы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған);

126-бап 2 - Алдын ала сөз байласып адамдар тобымен адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айыру  (бес жылға дейін бас бостандығынан мүлкін тәркілеу арқылы жазалау немесе мүлкін тәркілеусіз бес жылға бас бостандығынан айыру жазалау шарасы қарастырылған);

121 бап 2 - Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерді адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасау, өлтіремін деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасау (бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру)

Полиция кәсіпкер Қайрат Жамалиевке және оның жүргізушісі Анатолий Прибытковқа қатысты тергеуді аяқтады. 

Еске сала кетейік, 24 сәуірде Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге өзінің ұлы Әлібидің аяусыз ұрып соғылғаны, бұл іске кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады. Оның айтуынша, 21 сәуірде ұлы Әліби Жұмағұлов үйден жарты сағатқа жұмыстарымен шығып кеткен. Түнгі уақытта Әлібидің досы қоңырау шалып, жас жігіттің ауыр жағдайда ауруханада жатқанын хабарлаған. Жамалиев қамауға алынды. Сот оған тергеу амалдары біткенше екі ай мерзімде қамауда ұстау қаулысын шығарды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай