30 маусым 2015 | 13:39

Жириновский: Ресейде Қазақстанның статусына және оның шекарасына ешкім де күмән келтірмейді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Владимир Жириновский. ©YouTube/Студия Андрей Щербаков Владимир Жириновский. ©YouTube/Студия Андрей Щербаков

Ресей саясаткері Владимир Жириновский қазақстандық тілшілерге сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ЛДПР лидерімен болған әңгімені Анастасия Ахметова өзінің видеоблогында жариялады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей саясаткері Владимир Жириновский қазақстандық тілшілерге сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ЛДПР лидерімен болған әңгімені Анастасия Ахметова өзінің видеоблогында жариялады.

Мәлімдемелері үнемі дауға айналатын саясаткер Қазақстан туралы айтқанында тілшілердің көп жағдайда сөз мағынасын әсірелеп жіберетінін түсіндірді. "Ресейде Қазақстанның статусы мен оның шекарасына байланысты ешкім де күмәнданбайды. Шын мәнінде кейбір тілшілер сөздерді әсірелеп жібереді. Биыл мен "Эко Москвы" радиосында қонақта болдым, Плющев жүргізді, біз Украинаны, Донбассты талқылап жатқанбыз. Ол сұрақ қоя бастады: "Ал келесі кім, Қазақстан?". Мен болсам: "Кейін, бұл туралы кейін, тіпті мұны талқылаудың қажеті жоқ". Қазақстанға мәлімет таралыпты, ондағылар келесі кезекте Қазақстан болады деп есептейді", - деді Плющев. Мен оны тоқтатқым келді, студияда сөзін бөліп тастау ыңғайсыз болды. Біз тек Украина және азаматтық соғыс тақырыбын талқыладық. Ал Қазақстанға "Қазір Украинаның мәселесін шешеміз, кейін Қазақстанмен айналысамыз" делінген ақпарат тарап кетті. Айтылып отырған ой бұған жақындаған да жоқ еді. Бұл мәселені ешкім ешқашан көтермейді", - деп мәлімдеді Жириновский.

Саясаткер кейбір адамдар Қазақстан мен Ресейдің өзара қарым-қатынасына дақ түсіргісі келеді деп есептейді. "Қазақстан жайлы ешқашан ештеңе болған жоқ, қоғамдық пікірге әсер ететін билік болсын, тілшілер болсын, Ресейде Қазақстанға, оның басшылығына жылы қарым-қатынастың бар екенін біледі, тіпті мені де қосуға болады - мен үшін бұл кіші отаным. Егер Алматыдағы Масанчи көшесін Жириновский деп атайтын болса, №25 мектепті Жириновский мектебі деп атаса, ал пәтерімді музей-үй қылса қарсы болмаймын", - деді Жириновский.

Ал 2014 жылы қазақстандық заңгер Асқар Қаймақов Ресейдің бас прокуратурасына өзінің ЛДПР фракциясының жетекшісі Владимир Жириновскийді атышулы мәлімдемелері үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызын бейжай қалдырмауды сұрап, хат жолдаған болатын. 

Еске салайық, 2014 жылдың ақпанында Жириновский Қазақстанға қатысты бірнеше орынсыз мәлімдеме жасаған болатын. Заңгер РФ бас прокуратурасына 2014 жылдың наурызында шағым жолдағанын еске салды. Онда Қаймақов Жириновскийді Ресей Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша жазалау керектігін атап көрсеткен: "Жеккөрінішті немесе дұшпандықты қоздыру және адамның ар-намысын қорлау", "Көпшілік алдында экстремистік қызметке үндеу" және "Көпшілік алдында басқыншылық соғысты туғызуға үндеу".

Әңгіме ресейлік саясаткердің Отан қорғау күніндегі митингте сөйлеген сөзіне қатысты болып отыр. Оның "Ортаазиялық федералдық округ" құру туралы ұсынысы көпшіліктің наразылығын туғызды. "Орта Азияда ешқандай республика болған жоқ. Ортаазиялық федералдық округ - басты қаласы Верный! Бүгінде оның басқа атауы бар, Алма-Ата - менің туған қалам. Ол атауды Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қазақстан ойлап тапты. Ортаазиялық федералдық округ!" - деген болатын саясаткер.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer