Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

РФ бас прокуратурасына Жириновскийдің мәлімдемесі жөнінде кезекті хат жолданды

12 Қыркүйек 2014, 10:41
0
Владимир Жириновский. ©Ярослав Радловский
Владимир Жириновский. ©Ярослав Радловский

Қазақстандық заңгер Асқар Қаймақов Ресейдің бас прокуратурасына өзінің ЛДПР фракциясының жетекшісі Владимир Жириновскийді атышулы мәлімдемелері үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызын бейжай қалдырмауды сұрап, хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 2014 жылдың ақпанында Жириновский Қазақстанға қатысты бірнеше орынсыз мәлімдеме жасаған болатын.

Заңгер РФ бас прокуратурасына 2014 жылдың наурызында шағым жолдағанын еске салды. Онда Қаймақов Жириновскийді Ресей Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша жазалау керектігін атап көрсеткен: "Жеккөрінішті немесе дұшпандықты қоздыру және адамның ар-намысын қорлау", "Көпшілік алдында экстремистік қызметке үндеу" және "Көпшілік алдында басқыншылық соғысты туғызуға үндеу".

Әңгіме ресейлік саясаткердің Отан қорғау күніндегі митингте сөйлеген сөзіне қатысты болып отыр. Оның "Ортаазиялық федералдық округ" құру туралы ұсынысы көпшіліктің наразылығын туғызды. "Орта Азияда ешқандай республика болған жоқ. Ортаазиялық федералдық округ - басты қаласы Верный! Бүгінде оның басқа атауы бар, Алма-Ата - менің туған қалам. Ол атауды Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қазақстан ойлап тапты. Ортаазиялық федералдық округ!" - деген болатын саясаткер.

Қаймақов мамыр айында РФ бас прокуратурасынан жауап алды. Онда заңгерге оның хаты тергеуалды тексеру жүргізу үшін Ресейдің Тергеу комитетіне жолданғаны жазылған. Қаймақов бұдан кейін ешқандай хат-хабар алмағанын айтып отыр.

Ресейдің бас прокуратурасына жазған келесі хатында заңгер қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын бұзған РФ Тергеу комитетінің лауазымды тұлғаларына қатысты шара қолдануды және оларды қабылданған процессуалдық шешім туралы қаулының көшірмесін шағымданушының мекенжайына жіберуге міндеттеуді сұрайды

Еске салайық, Владимир Жириновский митингте сөйлегеннен кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі ресейлік әріптестеріне нота тапсырған болатын. РФ Федералдық Кеңесі Мемлекеттік думасы аппараты жетекшісінің орынбасары Юрий Шувалов өз кезегінде Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастарда ешқандай өзгерістердің болуы мүмкін емес екенін айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай