01 шілде 2015 | 20:14

Астанада төрт баланың анасы сегізінші қабаттан секіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Астанада төрт баланың анасы сегізінші қабаттан секіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада төрт баланың анасы сегізінші қабаттан секіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД өкілдерінің айтуынша, оқиға түске дейінгі уақытта Петров көшесінің бойындағы үйлердің бірінде болды. 

"1968 жылғы әйел 8 қабаттан құлады. Оның артында төрт баласы қалды. Балалары ересек, кенжесі мектепте оқиды. Ол Қарағанды облысынан қызына қонақ болып келген, кенже баласы Қарағанды облысында мектепте оқиды. Әйел балаларын жалғыз тәрбиелеген, күйеуі қайтыс болған", - деп хабарлады ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Болған оқиғаның себебі анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, суицид жасалған. Бұл дерек соталды Бірыңғай реестрінде тіркелді. Соталды тексеріс жүріп жатыр.

Еске салайық, өткен айдың ортасында жас жігіттің көпқабатты үйден секіріп кеткені хабарланған болатын. Сонымен қатар, маусым айында бүлдіршіндердің терезеден құлап кеткен жағдайлары болды. Мәселен, Астанада 3 жасар баланың терезеден құлағаны хабарланды. Екінші қабаттан түскен ол түрлі дене жарақатын алды. Сонымен бірге, маусым айының басында сауда орнындағы экскалатордан бес жасар бала құлап түскен. Абырой болғанда ол аман қалып, үйіне жіберілді.

 
Читайте также
Join Telegram
Путин Астанаға келеді
Алматыда жер сілкінді

Валюта бағамы

 491.74   530.25   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети