02 шілде 2015 | 16:11

"Чукоткадағы" төбелес: Қаза тапқан жігіттің туыстары моральдық шығын туралы арыздарын қайтарып алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Коллаж. © Tengrinews.kz Коллаж. © Tengrinews.kz

Алматыдағы "Чукотка" барындағы төбелесте қаза тапқан жігіттің туыстары моральдық шығынның көлемі ретінде 18 миллион теңге мен үш пәтер талап етіп жазған арыздарын қайтарып алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық соттың баспасөз қызметінің басшысы Қуандық Ешімет хабарлады. Еске сала кетейік, бұл іс бойынша Александр Кузнецов айыпты деп танылды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы "Чукотка" барындағы төбелесте қаза тапқан жігіттің туыстары моральдық шығынның көлемі ретінде 18 миллион теңге мен үш пәтер талап етіп жазған арыздарын қайтарып алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық соттың баспасөз қызметінің басшысы Қуандық Ешімет хабарлады. Еске сала кетейік, бұл іс бойынша Александр Кузнецов айыпты деп танылды. 

"Материалдық шығын қайтарылып алынды. Моральдық шығын - 100 мың теңге өндірілді", - деп мәлімдеді ол. Сонымен қатар, төбелес кезінде қаза тапқан Сырым Мұратқалиевтің ағасы Дәулет оның тарапы үш пәтер мен 18 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығынды өндіріп беру туралы азаматтық тәртіпте талап арыз түсіргелі жатқанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Алматыдағы "Чукотка" барындағы төбелес 2015 жылы 6 наурызда болған еді, төбелес кезінде Сырым Мұратқалиев қайтыс болды. Бұл оқиғаға қатысты, сот Кузнецов Александрды ҚР ҚК 104-бабында қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп таныды және осы бап бойынша колониялық режимде түзету колониясына бір жыл алты айға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесті.

Қаза болған жігіттің туыстары сотта материалдық және моральдық шығынды өндіріп беру туралы талап қойды. "Бұл материалдық және моральдық шығынды заңды түрде өтеу. Бір жарым миллион теңгені жерлеу рәсімімен байланысты материалдық шығын ретінде және 18 миллион теңгені моральдық шығын ретінде бірден емес, қайтыс болғанның екі қызына ай сайын төлеп тұруды талап етіп отырмыз. Бұл Сырымның өмірдегі мақсаты болған. (...) Бұл бопсалау емес, моральдық шығынды заңды түрде өтеу. Сонымен қатар, қыздарына екі пәтер мен ата-анасына бір пәтер сұраймыз", - деді Дәулет Мұратқалиев.

29 маусым күні Кузнецов өзінің соңғы сөзінде ҚР Жоғарғы сотының барлық тұлғаның қажетті кезде өзін-өзі қорғауға құқығының бар екендігі туралы қаулысын еске салды. "Мен сол жағдайда басқаша әрекет ете алмайтын едім - маған пышақпен шабуыл жасалды. Менің Сырымға деген бөтен ойым болмады, ол маған шабуыл жасағаннан кейін де оған алғашқы жәрдем көрсетуге тырыстым. Бұл туралы куәгерлер де айтты. Енді мен тірі қалғаным үшін айыпты болып отырмын", - деді Кузнецов.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.72  course down  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer