10 шілде 2015 | 15:23

Шығыс Қазақстанда болған жаппай төбелеске 145 адам қатысты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© imenno.ru © imenno.ru

Шығыс Қазақстанда болған жаппай төбелеске 145 адам қатысты. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстанда болған жаппай төбелеске 145 адам қатысты. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі таңда ол жерде тиісті комиссия жұмыс істеп жатыр, қылмыстық іс қозғалды, жедел-тергеу шаралары қолға алынды. Ол жақта облыс әкімі Даниал Ахметов, прокурор мен ІІД басшысы жүр. Оқиға екі күн бұрын болған. Тұрмыстық негізде шыққан төбелес десек те болады, оған алдын ала мәлімет бойынша 145 адам қатысып, 65 адам ауруханаға жеткізілді. Бүгінгі таңда Аягөз бен Өскеменнің емдеу мекемелерінде 31 адам жатыр, жағдайлары орташа, аса маңызды ештеңе жоқ. Нақты қорытынды тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады", - деді Сапарбаев, журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

ІІД мәліметінше, 8 шілде күні Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы Kaz Minerals ЖШС тау-байыту комбинатының асханасында ас ішу кезінде жұмысшылардың бірі оның сапасының нашар екенін айтып, комбинат аспазына дене жарақатын салды, бұл жағдай кәсіпорын жұмысшыларының бір-бірімен төбелесуіне себеп болды.

Сонымен қатар, Қазақстан Үкіметінде Шығыс Қазақстандағы кен орнында болған жаппай төбелеске байланысты шұғыл жиынның өткені анықталды. "8 шілдеде тұрмыстық негіздегі оқиға болды, ол ҚХР азаматтары мен жергілікті тұрғындар арасындағы жаппай төбелеске ұласты. Өкінішке қарай, екі тараптан да адамдар зардап шекті. Осыған байланысты Үкіметте мүдделі мемлекеттік органдардың барлығының қатысуымен шұғыл жиын өткізілді", - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer