Шығыс Қазақстандағы жаппай төбелеске байланысты Үкіметте шұғыл жиын өтті

09 Шілде 2015, 11:22
0
Шығыс Қазақстандағы жаппай төбелеске байланысты Үкіметте шұғыл жиын өтті - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Үкіметінде Шығыс Қазақстандағы кен орнында болған жаппай төбелеске байланысты шұғыл жиын өтті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіндегілер хабарлады.

"8 шілдеде тұрмыстық негіздегі оқиға болды, ол ҚХР азаматтары мен жергілікті тұрғындар арасындағы жаппай төбелеске ұласты. Өкінішке қарай, екі тараптан да адамдар зардап шекті. Осыған байланысты Үкіметте мүдделі мемлекеттік органдардың барлығының қатысуымен шұғыл жиын өткізілді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Министрліктегілердің мәлімдеуінше, тәртіп орнатып, оқиғаны толық тергеу үшін барлық шара қолға алынды. "Заңға сәйкес екі тараптың да кінәлі азаматтарының жауапқа тартылатынына сенімдіміз. ҚР СІМ ҚХР-дің Қазақстандағы елшілігіне тиісті жәрдемді көрсетеді", - дейді ведомстводағылар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстандағы кен орнында болған төбелестен 31 адамның зардап шеккені хабарланған еді. Тәртіп сақшылары оқиғаның 8 шілде күні "Қазақмыс" корпорациясының тау-байыту комбинатының асханасында болғанын айтып берді. Ас ішу кезінде жұмысшылардың бірі оның сапасының нашар екенін айтып, комбинат аспазына дене жарақатын салды, бұл жағдай кәсіпорын жұмысшыларының бір-бірімен төбелесуіне себеп болды.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай