Шымкенттегі жаппай төбелес: Оқиға орнында болған полицей ешқандай әрекет етпеген

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Otyrar.kz © Otyrar.kz

Шымкенттегі жаппай төбелес кезінде оқиға орнында полиция қызметкері болған, бірақ қылмыстың алдын алу үшін ол ешқандай әрекет етпеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттегі жаппай төбелес кезінде оқиға орнында полиция қызметкері болған, бірақ қылмыстың алдын алу үшін ол ешқандай әрекет етпеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметінше, оқиға орнында болып, қылмыстың алдын алу үшін ешқандай әрекет етпеген 1986 жылы туылған полиция қызметкері қамауға алынды. Сонымен қатар, 4 адам қамауда отыр.

"Қамауға алынғандардың үшеуіне қатысты ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды, олардың бірі 1987, енді бірі 1990 жылы туылған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте жаппай төбелестің кісі өлімімен аяқталғаны хабарланған болатын. ІІД мәліметінше, 19 шілде күні түнгі сағат 02.45 шамасында Шымкент ҚІІБ Абай ПБ кезекші бөліміне түнгі клубтың жанында болған төбелес туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы көкірек тұсынан қарудан жарақат алған азаматтың денесін тапты. Полицейлер өлген адамның түр-тұлғасын анықтады, ол Шымкент қаласының 1994 жылғы тұрғыны болып шықты. Жедел ізкесушілер белгісіз тұлғаның төбелес кезінде травматикалық қарудан 21 жастағы жергілікті тұрғынын атып, оқиға орнынан бой тасалағанын анықтады.

Бұл дерек Абай ПБ-нің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді және ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айғақты заттар тәркіленіп алынды. Айта кетейік, тексеру барысында ойын-сауық кешенінің қонақтары арасында туындаған жанжал салдарынан қылмыстың болғаны, яғни травматикалық қарудан алған жарақат салдарынан жас жігіттің қайтыс болғаны анықталды. Кісі өлімі болған кезде клубта 100-ден аса адам болған. Барлығынан сұрақ-жауап алынды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 494.26  course up  536.57  course up  5.51  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer