22 шілде 2015 | 11:03

Қазақстандықтардың 63 пайызында жалақыға дейін ақша таусылады - сауалнама

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© garantiibanka.ru © garantiibanka.ru

Қазақстандықтардың 63 пайызында жалақыға дейін ақша таусылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қорына сілтеме жасап. Мұндай қорытынды Қазақстанның 14 облысында және Астана мен Алматыда жүгізілген сауалнама нәтижесінде алынды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтардың 63 пайызында жалақыға дейін ақша таусылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қорына сілтеме жасап. Мұндай қорытынды Қазақстанның 14 облысында және Астана мен Алматыда жүгізілген сауалнама нәтижесінде алынды.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 44 пайызының ақшаларын үйде сақтайтындары анықталды, 38 пайызы - жеке немесе отбасылық кірістің және шығыстың есебін жүргізбейді, 43 пайызы - банк депозиттерінің сақтандандыруы туралы білмейді, тек 6 пайызы сақтандырудың ең жоғары сомасын атай алады. "Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қоры Қазақстан халқының қаржылық сауаттылық деңгейінің төмендігіне қатысты алаңдаушылық танытып отыр. Халықтың қаржы сауаттылығы деңгейінің төмен болуы қаржы секторына кедергі келтіреді, себебі оның дамуы ел экономикасының өсімімен тікелей байланысты", - дейді ұйымдағылар.

Айта кетейік, 2014 жылы қазанда Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қоры қазақстандықтардың 50 пайызының несие уақытын өткізіп алмауды білмейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар, таяуда БЖЗҚ Қазақстанда зейнетақы жинақтарының ең жоғары көлемі кімдерде екенін хабарлады. Зейнетақы жинақтарының ең көп көлемі 35-37 жас аралығындағы ерлер мен 37-39 жас аралығындағы әйелдерде екені белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer