Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының ең жоғары көлемі кімдерде

20 Шілде 2015, 18:05
0
© mimi-gallery.com
© mimi-gallery.com

Зейнетақы жинақтарының ең көп көлемі 35-37 жас аралығындағы ерлер мен 37-39 жас аралығындағы әйелдерде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны мен зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы бойынша бірінші орында Алматы тұр, мұнда 1 493 103 шотта 973,4 миллиард теңге жинақталған, екінші орында Астана - 622 906 шотта 466,7 миллиард теңге, ал үшінші орында Қарағанды облысы - 768 141 шотта 436,6 миллиард теңге бар.

2015 жылдың бірінші жарты жылындағы таза инвестициялық табыс сомасы 141,41 миллиард теңге болды. Ал 6 айдағы БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы - 73,80 миллиард теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына төленген аударымдардың көлемі 7,55 миллиард теңге болды. 1 шілдедегі жағдай бойынша, шарттардың барлық түріне сәйкес салымшылардың жеке зейнетақы шоттары 10 043 572-ге жетті. Ал зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 4,92 триллион теңгеден асты.

БЖЗҚ мамандарының айтуынша, электрондық қызметтер танымал болып келеді. ЖЗШ-дан ақпарат алу тәсілі ретінде 300 мыңға жуық адам электрондық поштаны және 400 000 адам Қор веб-сайтын таңдап алған. Ұялы телефонға арналған қосымша шамамен 45 мың рет жүктелді.  Биыл ақпан айында БЖЗҚ салымшылары өздерінің инвестициялық табыс ескерілген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты e-gov электрондық үкімет порталынан және Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алу мүмкіндігіне ие болды. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 1 шілдеге дейін e-gov арқылы салымшылар өздерінің инвестициялық табыс ескерілген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпараты бар 34 мыңнан аса үзінді көшірмені алып үлгерді.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай