22 шілде 2015 | 14:02

Мешітте ақ некесін қидыратын жұбайлардың неке туралы куәлігі болуы міндетті - Діни басқарма

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Pprolamp.kz ©Pprolamp.kz

Мешітте ақ некесін қидыратын жас жұбайлардың неке туралы куәлігі болуы шарт. Бұл жайында Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының өкілдері айтып берді. Еске салайық, осыған дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі Дін істері комитеті ресми сауалға берген жауабында Қазақстан мешіттеріне некені тек АХАЖ-дан кейін қиюды кеңес ететінін айтқан болатын. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мешітте ақ некесін қидыратын жас жұбайлардың неке туралы куәлігі болуы шарт. Бұл жайында Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының өкілдері айтып берді. Еске салайық, осыған дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі Дін істері комитеті ресми сауалға берген жауабында Қазақстан мешіттеріне некені тек АХАЖ-дан кейін қиюды кеңес ететінін айтқан болатын. 

Ал оның алдында отандық ақпарат құралдарында Қазақстанда "халал жезөкшелік" элементтерінің белең алып жатқаны жайлы хабар тарады. Жас қыздар исламның радикал ағымдарының өкілдеріне тұрмысқа шығады да, кейін күйеулері "талақ" сөзін айтып, олармен ажырасқаннан кейін достарына тапсырады. Бұдан кейін қыз тағы да күйеуге шығып, осы тәртіпте жалғаса береді. Нәтижесінде әйел бір жылдың ішінде бірнеше күйеуге шығып, бала босанса да, баласының әкесінің кім екенін білмеуі мүмкін делінді.

ҚМДБ өкілдерінің айтуынша, ажырасудан зардап шеккен әйелдер, қыз-келіншектерге мешіттен мүмкіндік шеңберінде қаржылай жәрдем беріледі. "Сонымен бірге, ақыл-кеңес беру тұрғысынан да тиісті көмек көрсетіледі. Мұндай ажырасулар көбінесе дәстүрлі емес діни ағым өкілдері тарапынан бой көрсетуде. Сондықтан тиісінше әрбір облыс орталығында орналасқан  деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталықтары осындай жандарға үлкен көмегін тигізіп жатыр", - деді басқармадағылар.

Осы аталған жағымсыз жағдайлардың себебі - ақ некені мешіт қабырғасынан тыс жерде қию және АХАЖ бөлімдерінде заңдастырмау болып отыр. Алайда діни басқарма өкілдерінің айтуынша, "мешітте жас жұбайлар ақ некесін қиғызумен қатар жергілікті АХАЖ бөліміне барып, некеге тұрулары шарт. Өйткені, кез келген отбасылық мәселені заңдастыру үшін олардың АХАЖ бөлімінде міндетті түрде тіркелулері қажет". Сонымен қатар, олардың айтуынша, өкінішке орай, некелердің барлығы ҚМДБ мешіттерінде қиылмайды. Көбінесе дәстүрлі емес діни ағым өкілдері некелерін мешіттерде қимайды. Сондықтан ажырасу секілді жағымсыз жайттар, келеңсіз уақиғалар қазіргі қазақ қоғамында белең алып отырған жайы бар екен.

Осыған орай, діни басқарма мешіттердегі неке қию рәсіміне қатысты шарттар мен орындалу тәртібін түсіндірді. "Некесін қидыруға келген жас-жұбайлар әуелі мешіт Бас имамының атына арыз жазып, арызда неке қию күні мен уақытын көрсетуі қажет. Неке қидыртатын кісілер мен куәгерлер мешітке келер алдында ғұсыл (денені толықтай жуу) және дәрет алып, шариғат талабына сай киініп келулері керек", - деді басқарма өкілдері. Мұнымен бірге, талапқа сәйкес, неке қию кезінде жас-жұбайлардың ата-анасы қатысуы міндетті. Алайда ата-анасы болмаған жағдайда үйдің үлкендері неке рәсімінің ішінде болулары қажет. Ата-анасы қатыса алмаған жағдайда жастардың отау құруына қарсы емес екендіктерін жазбаша түрде жазып берулері шарт екен. Басқарма өкілдері ҚМДБ мешіттерінде неке қию рәсімінің осы талаптарға сай өтуіне және аталмыш шараның нақты жүзеге асуын қолға алуға қаладағы барлық мешіттердің қызметкерлерінің жауапты екенін ескертті. Оның үстіне неке кию ісіне қатысты шараларды ҚМДБ өкілдіктері өз облыстарының, аймақтарының шеңберінде тиісті деңгейде жүргізіп отыратыны аталды.

Басқарма өкілдері "талақ" ұғымына түсінік берді. "Араб тілінде бір нәрсені босату, жібере салу дегенді білдіретін "талақ" сөзі шариғат терминологиясында күйеудің аузынан шыққан немесе әйелдің сұранысымен қазы айтқан, ажырасуды ашық немесе астарлы түрде бейнелейтін белгілі бір сөздермен ерлі-зайыптылар арасындағы жұбайлық байланысты үзу дегенге саяды. Кейде жанұя шаттықтан көрі қайғыға, бақыттан көрі қасіретке толып, отбасы мүшелері үшін шаңырақ "тозаққа" айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда, - дейді басқарма өкілдері, - ерлі-зайыптылар арасында пайда болған мәселені анықтап, оны оңды шешуге тырысу керек. Оңтайлы шешімге көнбеген ерлі-зайыптылар жақсылықпен ажырасады. Десе де, дініміздің себепсізден-себепсіз ажырасуды құптамайтынын да айта кету керек. Бұл - ерлі-зайыптылардың соңғы шешуші қадамы болуы тиіс. Одан бұрын, ерлі-зайыптылар арасында пайда болған мәселені анықтап, оны оңды шешуге тырысу ләзім. Әбу Дәуідтің хадис жинағында келтірілген бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у): "Рұқсат берілгендердің ішіндегі Аллаға ең ұнамсызы ол - талақ», - дей отырып, жөнсіз ажыраспауға үндеген".

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer