23 шілде 2015 | 10:10

Шымкенттегі кісі өлімімен аяқталған жаппай төбелес: 6 адам қамауға алынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© vesti.ru © vesti.ru

Шымкентте болған жаппай төбелесте адам өлтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте болған жаппай төбелесте адам өлтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметінше, қазіргі таңда жаппай төбелеске қатысқандардың барлығы қамауға алынды, олар 1986, 1987 және 1990 жылғы алты азамат, ал кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған азамат - 1994 жылы туылған, жұмыссыз, бұрын сотталмаған.

"Күдіктіден өзгелері ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал күдіктіден "Лидер" травматикалық тапаншасы тәркіленді, сол қарудан екі рет оқ атылған. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл оқиғаға қатысты әлеуметтік желіде алып-қашпа әңгіме тарады. Оны 1986 және 1989 жылғы екі әйелдің таратқаны анықталды, енді олар жауапқа тартылатын болады. Олар өз кінәларын толық мойындады, екеуіне 5 000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін немесе бес жылға дейін сотталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкенттегі жаппай төбелес кезінде оқиға орнында полиция қызметкерінің болғанын, бірақ қылмыстың алдын алу үшін оның ешқандай әрекет етпегенін хабарлаған болатынбыз. Шымкенттегі жаппай төбелес кісі өлімімен аяқталған еді. ІІД мәліметінше, 19 шілде күні түнгі сағат 02.45 шамасында Шымкент ҚІІБ Абай ПБ кезекші бөліміне түнгі клубтың жанында болған төбелес туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы көкірек тұсынан қарудан жарақат алған азаматтың денесін тапты. Полицейлер өлген адамның түр-тұлғасын анықтады, ол Шымкент қаласының 1994 жылғы тұрғыны болып шықты. Жедел ізкесушілер белгісіз тұлғаның төбелес кезінде травматикалық қарудан 21 жастағы жергілікті тұрғынын атып, оқиға орнынан бой тасалағанын анықтады.

Бұл дерек Абай ПБ-нің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді және ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айғақты заттар тәркіленіп алынды. Кісі өлімі болған кезде клубта 100-ден аса адам болған. Барлығынан сұрақ-жауап алынды.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer