24 шілде 2015 | 08:34

Алматыдағы селдің ең үрейлі сәттерінен видеотоптама жасалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Дәурен Исаев ©Дәурен Исаев

Tengrinews TV кеше Алматыда болған селдің куәгерлер түсіріп алған сәттерінен топтама жасады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews TV кеше Алматыда болған селдің куәгерлер түсіріп алған сәттерінен топтама жасады. 

Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Олардың көбі №176 орта мектеп пен Наурызбай аудандық әкімдігіне орналастырылды. Қала басшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетуге сөз берді. Селден келген шығынның көлемі оның салдарын жою шараларынан кейін анықталады.

Адамдар апаттан кейін дереу өз үйлерінен қашып жатты.

Үйдің аулаларына үлкен тастар ағындымен ағып келді.

Лай судың ағыны көше бойымен жүріп өтті. Адамдар көбінде жалаңаяқ жүруге мәжбүр болды. Алайда кейбірі сол тастардың үстіемен жүріп көрді.

Мақсат есімді жігіт сел жүргеннен кейін қалайша өзін және отбасын аман алып қалғаны жайлы айтып жатыр. Ол жүріп бара жатқан көлікті су ағындысы жолдың жиегіне шығарып тастаған. Оның отбасы көлік терезесінен шығып үлгеріпті. 

Владимир Божко Алматыдағы төтенше жағдай режимінің апат салдарын жою шараларының соңына дейін сақталатынын мәлімдеді. Селге байланысты Алматыда төтенше жағдай жарияланды. Қала әкімі Ахметжан Есімовтің айтуынша, апат салдарын жоюға 2 миллиард теңге бөлінді. Әкімнің тапсырмасымен зардап шеккендер уақытша баспанамен, азық-түлікпен, сумен және медициналық көмекпен қамтылды.

Ал бүгін ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі жаңа сел пайда болады деген қатердің жоқтығын хабарлады. Ведомство мәліметінше, 24 шілдеде 00.30-да Қарғалы өзенінің бойымен ағып жатқан судың жылдамдығы секундына 2,5 текше метр, ал су деңгейінің қауіпті көрсеткіші - секундына 19,8 текше метр. "Алматы облысының гидропосттары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қарғалы өзені бойында жаңа сел пайда болады деген қатер жоқ", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer