31 шілде 2015 | 15:57

Олимпиада-2022 астанасы - Бейжің

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Дмитрий Хегай © Дмитрий Хегай

Олимпиада-2022 Бейжіңде өтетін болды. Малайзиялық Куала-Лумпурде өткен Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) 128-сессиясында Қытай делегациясы Олимпиада ойындарын өткізуге кандидат-қаланың ақтық таныстырылымын ұсынды. Қысқы ойындарды өткізуге Бейжіңнің бақталасы Алматы болды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Олимпиада-2022 Бейжіңде өтетін болды. Малайзиялық Куала-Лумпурде өткен Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) 128-сессиясында Қытай делегациясы Олимпиада ойындарын өткізуге кандидат-қаланың ақтық таныстырылымын ұсынды. Қысқы ойындарды өткізуге Бейжіңнің бақталасы Алматы болды.

Қытай өтінішін 12 адамнан тұратын делегация таныстырды, олардың арасында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Яндунь, Бейжің әкімі Ван Аншунь, ХОК мүшесі Янг Янг пен ҰБҚ-ның экс-жұлдызы Яо Мин бар.

Алматының өтінімін Куала-Лумпурде шенеуніктер мен саясаткерлерден өзге (Кәрім Мәсімов, Ахметжан Есімов, Тимур Құлыбаев, Бердібек Сапарбаев, Қайрат Боранбаев), атақты қазақстандық спортшылар - Денис Тен, Серік Сәпиев, Ермахан Ибраимов, Елена Хрусталева, Юлия Галышева, Сабина Алтынбекова және тағы да басқалар таныстырды.

Айта кетейік, Алматы ХОҚ-қа ресми түрде өтініш берген бірінші қала болды. Бұған дейін сарапшылар Алматы өтінімінің артықшылықтарын атады - осыған ұқсас жарыстарды өткізу тәжірибесі (2011 жылғы Азия ойындары), инфрақұрылым нысандарының 70 пайызға дайын болуы, ықшамдылығы (егер Олимпиада Алматыда болса, ол 30 шақырым радиуста өтеді, ал Бейжіңде бұл көрсеткіш жеті есеге жоғары - 200 шақырым), сонымен қатар, климаты - Алматыда Бейжіңге қарағанда қар қалың түседі.

© Дмитрий Хегай

Өз өтініштерінде Қытай делегациясы жарыстың көп бөлігінің стадиондарда өтетінін мәлімдеді, нақтырақ айтқанда, 2008 жылы жазғы Олимпиада ойындары өткен нысандарда. Ол Ойындарды өткізуді тиімді ете түседі. Сонымен қатар, Бейжің көлік инфрақұрылымын жетілдірудің жоспарын ұсынды. Айта кетейік, Қытай өтінішіндегі ең осал тұс ретінде ол елдегі спорт нысандарының бір-бірінен алшақ орналасуы аталған еді. Ал бұл кезде Алматы Олимпиаданы 30 шақырым радиуста өткізуді ұсынды, Бейжіңде бұл көрсеткіш жеті есеге дейін жоғары - 200 шақырым. Қытай билігі мәселенің шешімін тапты. Бейжіңнен Чжанцзякоуға дейін жоғары жылдамдықты теміржол салынады, ол Олимпиаданың ең басты үш нысанын жалғайтын болады.

"Бейжің-Чжанцзякоу жобасы бойынша пойыздардың жылдамдығы сағатына 350 шақырым болады. Пекин-Чжанцзякоудағы Олимпиада нысандарының аралығына кететін уақыт шамамен 52 минут болады", - деп келтірді Қытайдың халықаралық радиосы елдің дамыту және реформа істері жөніндегі Мемлекеттік комитеті басшысының орынбасары Ван Сяотаоның сөзін.

ХОК мүшелерін толғандырған тағы бір мәселе экология болды. Алайда Бейжің спортшыларға таза ауаны уәде етіп отыр.

Олимпиада-2022 Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді. 

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer