Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Олимпиада-2022: Серік Сәпиев Қазақстан таныстырылымының қалай өткенін айтып берді

31 Шілде 2015, 11:15
7
Коллаж © Tengrinews.kz
Коллаж © Tengrinews.kz

Серік Сәпиев 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін елді таңдайтын Халықаралық олимпиада комитетінің сессиясында ұсынылған қазақстандық делегацияның таныстырылымынан алған әсерін бөлісті, - деп хабарлайды, - Vesti.kz тілшісі. Оның айтуынша, Қазақстан өкілдері ағылшын және француз тілінде сөз сөйледі, ал Қытай өкілдері тек қытай тілінде таныстырған.

"Бәрі жоспардағыдай, таныстырылым еш қатесіз өтті. Премьер-министр сөз сөйледі, осыдан кейін Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдің сертификаты табысталды. Таныстырылымнан кейін Кәрім Мәсімов қазақстандық спикерлерге алғыс айтты, барлығы да өздеріне берілген тапсырманы жақсы орындап, ағылшын тілінде сөйледі, ал Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы - француз тілінде. Алматы әкімі Ахметжан Есімов те ағылшын тілінде сөйледі. Барлығы дұрыс болды, бәріне ұнаған сияқты. Қазір Бейжіңнің таныстырылымын көреміз, шындығына келгенде олардың Олимпиада ойындарының елшілері біздікіне қарағанда лауазымдырақ. Дегенмен географиясы мен ойындарды өткізу мүмкіндігі жағынан бізде жақсы" , - дейді Сәпиев.

Оның айтуынша, таныстырылым кезінде ханзада Альберт Қазақстанның Олимпиада ойындарын өткізуге дайындығы туралы сұрақ қойды. "Біздікілер Қазақстанның Азиаданы өткізгенін, енді Универсиаданы өткізетінін және спорт нысандарының дайын болатынын айтты. Олимпиадаға бар болғаны екі спорт нысанын салу ғана қалады", - деді Сәпиев. Алматының өтінімі жайында толығырақ мына жерден оқыңыздар.

Айта кетейік, малайзиялық Куала-Лумпурде бүгін, 31 шілдеде Олимпиада-2022 ойындарын қай елдің өткізетіні анықталады. Үміткер екі қала бар - Алматы мен Бейжің. Vesti.kz шара жайында мәтіндік трансляция жасайды. Онымен мына жерде танысуға болады. 

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (7)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай