03 тамыз 2015 | 13:18

"Артем" базарының маңында болған жаппай төбелеске қатысты сот үкімі шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Youtube.com кадры Youtube.com кадры

Астананың Алматы аудандық №2 соты "Артем" базарының маңында болған жаппай төбелеске қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сотының ресми сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астананың Алматы аудандық №2 соты "Артем" базарының маңында болған жаппай төбелеске қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сотының ресми сайтына сілтеме жасап.

"Сот үкімімен Жолдасов пен Рахимов ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі және 379-бабы 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстар бойынша айыпты деп танылды. Сот 2 жыл 6 ай шамасында бас бостандығына шектеу қою және 60 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегу туралы жаза тағайындады", - делінген елорда сотының баспасөз қызметі таратқан қаулыда. Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сот айыпталушылар 2015 жылы 16 маусымда "Артем" базарының маңында көпшілікті сыйламай, жаппай төбелес ұйымдастырып, қоғамдық тәртіпті бұзды деп таныды. Сонымен қатар, олар полиция қызметкерлеріне қарсылық танытқан. Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындады, тағылған айыптарды растап, өз әрекеттері үшін өкінді.

Еске сала кетейік, жаппай төбелес 16 маусым күні кешке сағат 17.00 шамасында болды. Куәгерлердің айтуынша, оған ондаған адам қатысқан. Полицейлер бұл оқиғаға қатысы бар 18 қатысушыны мән-жайды анықтау үшін ұстады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері бір тәулік бойы базарды күзетті. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Сонымен қатар, үш қылмыстық тергеу басталды: бірінші іс - "Артем" базарының қауіпсіздік қызметі мамандарына байланысты. Екіншісі - әйелдің айқайлағанын естіп, қауіпсіздік қызметінің мамандарына дене жарақаттарын салуға тырысқандарға қатысты. Үшіншісі - жаппай төбелеске қатысқандарға байланысты.

Бұған дейін жаппай төбелеске қатысты түсінік берген ҚР ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов оқиғаның тек Астана тұрғындарына емес, Интернетте жарияланғаннан кейін бүкіл қазақстандықтың құлағына жеткенін айтты. Ол бұл жанжалды тудырған әйелге толық сипаттама берді.

"Бұл оқиғаның болуына негізгі себепші азаматша - Лаура Баймұлданова. Ол ІІ топтағы мүгедек, ол мүгедектікке былтыр өткен, ажырасқан, үш баласы бар. Алматы шетіндегі Қалқаманда тұрады. Қайыршылықпен айналысады және балаларын да осыған үйретіп жүр. Қайыр тілеп, азаматтарға жабысқаны үшін жаңа бап бойынша үш рет Алматыда жауапқа тартылған", - деді министр. Ол елордаға қайыр тілеу үшін Өзбекстан азаматшасымен бірге барған. 

Әйел "жұмысына" кешкілік "Артем" базарына барған. Әйелді қауіпсіздік қызметі кіргізбеген. Бұл жұмысты жақсы білетін, психологиялық тұрғыда бұған дайын болған әйел айқайлап, шу көтере бастаған. Сөйтіп көптеген келушінің назарын аудартты.

Айта кетейік, бұған дейін "Артем" базарының маңында болған жаппай төбелес туралы дақпырт әңгіме таратқандардың бірінің ұсталғаны хабарлаған болатын. Елордалық полицейлер 1 шілде күні 16 маусымда "Артем" базары маңында төбелес туралы жалған ақпарат таратқан 1964 жылы туған ер адамды ұстады.

 
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer