Түркияда қаза тапқан қыз саяхаттау үшін бір жыл бойы ақша жинаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда қаза тапқан қыз саяхаттау үшін бір жыл бойы ақша жинаған © Vk.com

Түркиядағы жол апатынан қаза тапқан қазақстандық 18 жастағы Аида Сарабаева саяхатты бір жыл бойы жоспарлаған. Туыстары мен достарының айтуынша, ол жолдамаға ақша жинау үшін жұмысқа да орналасыпты. Көптен күткен демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Ата-анасына көңіл айтамын, мен бұған сене алар емеспін. Ол өз ата-анасын мақтан тұтатын, сіңлісін қатты жақсы көрді. Оның жоспарлары көп еді. Әлемді аралағысы келді. Ол Қытайда оқуды армандайтын, жақсы колледжде білім алды, ағылшынша еркін сөйлейтін", - деді Аиданың құрбысы Аягөз Әрінова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркиядағы ірі жол апатынан 18 жастағы Аида Сарабаеваның қаза тапқаны хабарланған болатын. Жол апаты 6 тамызда, Астана уақыты бойынша 19.30-да болды. Автобус Памуккаледен Анталияға бара жатқан. Апаттан төрт адам қаза тауып, 27 адам жарақаттанды.

ҚР СІМ хабарлауынша, осы автобуста болған қазақстандық алты азамат түрлі жарақатпен Денизли ауруханасына жеткізілді. Қаза тапқан қыздың денесі апта соңына дейін Қазақстанға жеткізіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети