20 тамыз 2015 | 21:54

KASE қор биржасының кешкі сессиясының қорытындысы бойынша доллар 252,26 теңгеге тең

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

KASE қор биржасының кешкі сессиясы доллар бағамының 252,26 теңге көрсеткішінде жабылды. Саудаға валюта нарығының 13 мүшесі қатысты. Сауда көлемі - 21,5 миллион доллар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

KASE қор биржасының кешкі сессиясы доллар бағамының 252,26 теңге көрсеткішінде жабылды. Саудаға валюта нарығының 13 мүшесі қатысты. Сауда көлемі - 21,5 миллион доллар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Ал осыған дейін 2015 жылдың 20 тамызындағы таңғы сессия бойынша доллар бағамы 256 теңге болған еді. Бұдан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еркін ауытқу бағамына өтудің себебін түсіндірді. "(...) Еуроодақты қосқанда көпшілік елдер өз валюталарының құнсыздануына жол берді. Экономика бойынша күрделі жағдай туындады, өз кәсіпорындарымыздың бәсекелестігінің әлсірегенін қазірдің өзінде көріп отырмыз, бұл кәсіпорындарда еңбек етіп жатқандарға әсерін тигізеді. "Атамекен" Ұлттық палатасының мәліметінше, көптеген кәсіпорын Ресейге баратын экспорттың төмендеуімен соқтығысты. Оның үстіне олардың өніміне Қазақстандағы нарықтың ресейлік өндірушілері қысым көрсетіп жатыр. Маған келіп жатқан хаттардың, өтініштердің бірнешеуін ғана оқимын. Мәселен, Кентаудағы зауыт Ресейге өнім жеткізуді 47 пайызға қысқартты, ал 50 пайыз жұмысшылары жұмыстарынан айырылған. (...) Алматы ашытқы зауыты өнімі 50 пайызға қысқарып қалған (...) Қазақстан бойынша мұндай мысалдар көп. Қамтамасыз ету, жалақы төлеуде жағдай нашарлап жатыр, қазірдің өзінде бюджетіміздің айналасындағы жағдайдың нашарлағанын байқап отырмыз. Бюджетке 2015 жылы түспеген табыс көлемі - 264 миллиард теңге", - деді Назарбаев Ақордадағы жиында.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer