20 тамыз 2015 10:53

KASE бойынша доллардың орташа бағамы 256 теңге болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2015 жылдың 20 тамызындағы таңғы сессия бойынша доллар бағамы 256 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таңғы сессияның сағат 10.15-тегі бірінші келісім бойынша доллар 200 теңге болды. Сағат 10.32-де 257 теңгеге көтерілді. Сессия сағат 11.00-де аяқталады. 

Бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Айта кетейік, 19 тамызда доллар курсы қазақстандық бірқатар сайтта 194 теңгеден асты. ҚР Ұлттық банкі әзірше бұл жағдайға қатысты түсінік берген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети