Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков "Астана футбол клубына Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығу құрметіне орай естелік Кубок сыйға тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков "Астана футбол клубына Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығу құрметіне орай естелік Кубок сыйға тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бізге жеңіс әкелгендерің үшін рахмет айтамын. "Шахтер" топтық кезеңге шығуға жақындады, ал сіздер бізге мереке әкелдіңіздер. Осының құрметіне сіздерге Астана кубогын табыстаймыз", - деді қала басшысы.
©Vesti.kz
"Астана" клубының капитаны, Қазақстан құрамасының ойыншысы Таңат Нөсербаев та сөз сөйледі: "Бұл тек біздің емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі. Біз Мемлекет басшысының салауатты өмір салты жөніндегі саясатын ұстанамыз. Бұл дұрыс жол. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында алғаш рет топтық кезеңге шықтық. Бұл жеңісті Қазақ хандығының 550 жылдығына арнаймыз. Жеңіс - біздің сыйлығымыз".
Айта кетейік, бұған дейін команда мүшелері жанкүйерлерімен кездесті. Жеңіске жеткен спортшыларын олар мерекелік шашумен, қызыл кілем және гүлмен күтіп алды.
Еске сала кетейік, "Астана" футбол клубы екі матчтың қорытындысы бойынша Кипрдің АПОЭЛ командасынан басым түсіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан болатын. Бұл ойынды Астанада мыңдаған адам тамашалады. Өз командасына қолдау білдіру үшін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Олимпиада чемпионы Александо Винокуров та келді.
Фото ©Vesti.kz
Елордалық клубтың Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі қарсыласы бүгін анықталады. Жеребе тарту рәсімі УЕФА штаб-пәтерінде Астана уақыты бойынша 21.45-те басталады. 32 команда сегіз топқа бөлінеді. 22 клуб топтық кезеңге бірден өтті, оларға плей-офф кезеңіндегі 10 жеңімпаз қосылды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Фото ©Vesti.kz