Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының алғашқы қоңырау салтанатына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қала басшысы оқушылар мен олардың ата-аналарына, мектеп қызметкерлеріне қарап, бүгін Алматы бойынша 202 мектепте алғашқы қоңыраудың соғылғанын айтты.

Байбектің айтуынша, Мақатаев атындағы №140 гимназия қала мектептері арасында білім сапасы жөнінен көш бастап тұр. "Бірінші сынып оқушыларының ата-анасы бақытты жандар. Олар үшін бұл күннің маңызы зор. Алматыда білім алу үшін барлық жағдай жасалды. Сіздерге тек оқып, ата-ана мен мұғалімдерді тыңдап, биікке ұмтылу ғана қалды. Болашақта сіздер еліміздің дамуы үшін еңбектенетін боласыздар", - деді әкім.
Еске сала кетейік, жақында ғана Алматыда Қазақстандағы ең үлкен Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Ол "Қалқаман-2" ықшамауданында орналасқан. Химия-биология бағытындағы мекеме 960 оқушыға арналған. Оның құрылысына 5,7 миллиард теңге жұмсалды. Алматының әкімі ғимаратты қарап шығып, жаңа Назарбаев зияткерлік мектебіне түсу конкурсында бір орынға 7-8 адамның таласатынын айтты.