Алматыда әлеуметтік көлік карталары тұрақты түрде тегін шығарылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы қаласы көлік холдингі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда әлеуметтік көлік карталары тұрақты түрде тегін шығарылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы қаласы көлік холдингі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы қаласының зейнеткерлерінің сұранысы бойынша "Алматы қаласы көлік холдингі" ЖШС әлеуметтік көлік карталарының алғашқы шығарылымын 01.12.2015 жылға дейін ғана тегін емес, тұрақты түрде тегін шығаруға шешім қабылдады. Картаны қайтадан шығару (жоғалтқан жағдайда) - 320 теңге", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, әлеуметтік көлік картасын алғысы келген қолданушы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшелеріне барады. Ол жерде жеке бас куәлігін және жеңілдікті растайтын құжаттырын көрсетуі тиіс.
Еске сала кетейік, 1 қазаннан бастап қаладағы барлық қоғамдық көлікте "Бірыңғай көлік картасы" жүйесі іске қосылды. Төлем жасаудың жаңа жүйесі арнайы есептегін құрылғылары мен жолақы карт-билеті. "ОҢАЙ!" төлем картасын арнайы терминалға қою керек. Жол жүру ақысы автоматты түрде есепшоттан алынып отырады.