09 қараша 2015 | 14:12

Қазақстанда бір адам жылына қанша нан жейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tagilhleb.ru © tagilhleb.ru

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстанда бір адамның жылына қанша нан жеп қоятынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстанда бір адамның жылына қанша нан жеп қоятынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Медициналық норма - 120 келі. Біздің есебімізше 100 келіден аз, шамамен 80 келі. Бұл норма кеңес заманында бекітілген, содан бері қарастырылған жоқ. Кеңес заманында нан адамның негізгі рационы болған. Қазіргі таңда рацион өзгеріске түсті", - деді Мамытбеков тілшілердің сұрағына жауап беріп жатып.

Министрге нан бағасына қатысты сұрақ қойылды: "Доллар сияқты нанның бағасы да шарықтап кетпей ме?".

"Әрине, бастапқыда белгілі бір әкімшілік қадағалау болады. Әкімдіктер бұдан бас тартпайтын шығар, бірақ бұған әсер ететін нарық механизмдері шыға бастайды. Қазір болса "ештеңеге қарамастан бағаны ұстап тұр" деген заңдылық. Белгілі бір бөлшегі бюджет қаражатынан арзандады, бірақ көп бөлігі арзандамады. Мұнда бір ғажайып бірдеңе бола кетеді деу дұрыс емес. Наубайханалар шығындалды. Олар 600 грамм болатын бөлке нанның салмағын азайтты, сапасына қарамайды", - деді министр.

Еске салайық, осыған дейін министр Асылжан Мамытбеков келесі жылдың қаңтар айынан бастап нанның 10 теңгеге қымбаттайтынын мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.39   527.68   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети